Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Фариза – Әлем чемпионы

Фариза – Әлем чемпионы


Молшылық пен береке айы саналатын қазан айы қазақ спортына да толағай табысымен келді. Египеттің Каир қаласында өткен Паралимпиадалық додада Жаңарық ауылының төл перзенті, пауэрлифтинг спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Фариза Төлжан әлем чемпионы атанды.


Еліміздің көк байрағын әлем халқына паш еткен бұл жеңіс – еңбектің, табандылықтың, рухтың жеңісі.
Ауылдың №167 орта мектебін тәмамдаған соң есеп және аудит мамандығы бойынша Кентау қаласындағы арнайы оқу орнына түсті. 2015 жылы алғаш рет пауэрлифтинг залына барған Фариза, өз мүмкіндігін байқап көру үшін жаттығуға қатысады. Алғашында бұл спорттың салмағы ауыр, ережесі күрделі көрінгенімен, аз уақыт ішінде бұл сала оның өмірінің мәніне айналды.
– Мен алғаш штанганы көтергенде өзімді мүлде басқа әлемге енгендей сезіндім. Қиын екені рас, бірақ дәл сол сәттен бастап мен өзімді сынауға, жеңіске жетуге бел будым, – дейді спортшы қыз.
Фаризаның алғашқы жаттықтырушысы Мақсат Жүсіпов болды. Ол шәкіртінің бойындағы жігер мен табандылықты бірден байқап, бағыт-бағдар береді. Ал қазіргі таңда жеке бапкері Бахытбек Рысбаевтың жеке жетекшілігімен жаттығып жүрген спортшы өз жетістіктерін еселей түсті.
Спорт әлеміндегі 10 жылдан астам уақыт ішінде Фариза биік белестерді бағындырды. Мәселен, 2016–2017 жылдары өткен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында – 3-орын,2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚР чемпионатында – 2-орын,сол жылы Ақтөбедегі жазғы Паралимпия ойындарында – 3-орын,2020 жылы Нұр-Сұлтанда өткен ҚР чемпионатында – 2-орын,2021 жылы өткен ҚР Спартакиадасында – 1-орын иеленді.Ал 2022 жыл – Фариза үшін ерекше жыл болды. Ол Талдықорған қаласында өткен ҚР командалық чемпионатында – 1-орын, Ақтаудағы жекелей чемпионатта – тағы да 1-орын алып, ел абыройын асқақтатты. Сол жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласында өткен Ашық Азия және Океания чемпионатында 3-орынды иеленіп, халықаралық деңгейде ел туын биікке көтерді.
Сонымен қатар, ол 2023 жылы Тараз қаласында өткен ҚР командалық чемпионатында – 1-орын,Грузияның Тбилиси қаласында өткен Әлем кубогында әйелдер арасында – 3-орын,ал ҚР VI жазғы Паралимпия ойындарында – 1-орын жеңіп алды.2025 жылы өткен ҚР чемпионатында тағы да 1-орын алып, өз мықтылығын дәлелдеді.
Фариза бүгінде тек ел ішіндегі емес, халықаралық деңгейдегі спорт додаларында ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақтардың бірі. Спорттағы табыстары үшін Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Алғыс хатымен»,облыстық «Мүгедектерге арналған спорт клубының» «Ең үздік спортшы» номинациясымен марапатталды.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ресми рекордшысы атанып, есімі ел спорты тарихында алтын әріппен жазылды.
– Марапат – еңбектің жемісі. Бірақ мен үшін ең үлкен марапат ел сенімі мен отбасының қуанышы. Әр жарыстан кейін анамның көзіндегі шаттықты көру мен үшін ең үлкен бақыт, – дейді ол.
Пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі. Фариза Қалыбайқызы қайсар рух пен мызғымас жігердің иесі. Оған Египеттің Каир қаласында өткен Паралимпиадалық додада Фаризаның әлем чемпионы атанып, Қазақстанның көк туын әлем төрінде желбіреткен жеңісі талай жылдық еңбектің, маңдай тер мен рухтың нәтижесі. Осылайша, Жаңарықтан шыққан қарапайым қазақ қызының есімі бүгінде әлем чемпионы ретінде тарихқа енді.

Айсұлу Алданазар
14 қазан 2025 ж. 1 282 0