№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жас мергендер топ жарды

Жас мергендер топ жарды


Өткен апта Сыр мергендері үшін сүйінші жаңалықпен түйінделді. Маңғыстау облысында өткен ҚР Жамбы ату Федерациясының батыс аймақтық кубогінде Сыр елінің сұрмергендері жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды.


Жалпы Қызылорда облысында ат спортының шоқтығы биік тұрады. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы атудан ел бойынша үздік үштіктеміз. Міне, сол аға буынның ізін жалғап келе жатқан жастар бүгінде болашағымызды бағдарлап берді. Атап айтар болсақ, Азия, түрік, мажар, және қазақ стилі бойынша жаңақорғандық Өміртай Ғалымжан, Пернебай Ақәділ және Асхан Заңғар барлық сұрмергендерді басып озып, алтыннан алқа тағынды.
– Бұл тұғырды еңсеру біздің жігіттер үшін аса қиынға соққан жоқ. Өйткені, барлығы да сайдың тасындай сақадай мергендер. Тәжрибеміз толығып, байрақты бәсекелерді талай төбе көрсеттік. Солардың нәтижесінде бұл тұғырды да оңай еңсердік. Алдымызда жоспар көп, ең бастысы, осы қалпымызда таймай, жаттығуды үзбек керекпіз. Қолдау білдіріп жатқан бапкерлерден бастап жанкүйерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деді чемпион Ғалымжан.
Айта кету керек, бірінші кезекте жеңімпаз жастарымызды дайындауда Жаңақорған аудандық #7 ОРМБЖМ директоры, ұлттық ат спорты түрлерінің аға жаттықтырушысы Сламхан Боранбаевтың еңбегі зор. Жеңісті күндеріміз көп болсын.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
03 шілде 2024 ж. 1 064 0