Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстандық гимнастшылар Португалиядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Қазақстандық гимнастшылар Португалиядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысылар Португалияда өткен "Шақырту кубогінде" үздіктер қатарынан көрінді.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да үздік шығып, күміс пен қола жүлде жеңіп алды. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда күміс, таспамен жаттығуда қола жүлдегер атанса, Эрика Жайлауова доп жаттығуында күміс, ал шығыршықпен жаттығуда 4-орынға табан тіреді. Дегенмен көпсайыс қорытындысы бойынша Парфилова бесінші, Жайлауова 7-орынға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғанын жазған едік.   
13 мамыр 2024 ж. 527 0