» » Полковниг Ибадулла Махмудұлы Түйменовты еске алуға арналған аудандық ашық турнир өткізілді

Полковниг Ибадулла Махмудұлы Түйменовты еске алуға арналған аудандық ашық турнир өткізілді


5 мамыр күні Жаңақорған кенті, Алпамыс батыр атындағы дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде өртке қарсы қызмет полковнигі Ибадулла Махмудұлы Түйменовты еске алуға арналған +45 жастан жоғары ардагерлер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы артына өшпес із қалдырған ағамыздың жүріп өткен жолына тоқтала отырып, спортшыларға сәттілік серіктеріңіз болып, сайыста абырой биігінен көріне беріңіздер деген ізгі ниетін білдірді.
Жарысқа Қызылорда қаласынан, Шиелі, Жаңақорған аудандарының ардагерлерінен құралған 7 команда қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша:
1 орын - "Ағарту" ардагерлер құрамасы - Қызылорда облысы, білім басқармасы
2 орын - "Шиелі" ардагерлер құрамасы
3 орын - "Жаңақорған" ардагерлер құрамасы
Жеңімпаз командалар мен үздік ойын көрсеткен ойыншылар Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» ҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының тағайындаған кубогімен, бағалы сыйлықтары, медальдарымен марапатталды.
06 мамыр 2024 ж. 220 0