» » Асыл командасы тағы чемпион

Асыл командасы тағы чемпион

Жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан халықаралық турнир биыл 28-ші рет өтті. Елдің түкпір-түкпірінен және көрші елдерден келген командалар өзара мықтыны анықтады. 32 команда жүлде жолында аянып қалмады. 
Екі күнге созылған доп додасы мәресіне жетті. Төртінші тұғырға елордалық "ДОДО" командасы тұрақтаса, қол жүлде мен 500 мың теңге "Муслим" жігіттеріне бұйырды. Ал, ақтық сынға дейін сүрінбей өтіп, шешуші сәтте сыр берген кентаулық ұжым 2 млн теңгені мен күміс алқаны тағып қайтты. Ал, 2022 жылы чемпион атанып, былтыр күмісті қанағат тұтқан Асыл командасы алтыннан алға тағынды. Әрі демеушілердің тағайындаға 4 млн теңгесіне ие болды. Керемет кеш облыс орталығындағы "Еуразия" спорт кешенінде өтті.
Аймақ басшысы қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтады.
Сондай-ақ, "Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Шабуылшы», «Мерген ойыншы», «Үздік ойыншы», «Үздік төреші» номинация иелері марапатталды.
Айта кетейік, облыс бойынша 55 973 адам футболмен айналысса, оның ішінде футзалмен 5 650 адам шұғылданады. Жыл сайын жасөспірімдердің футболға деген қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар, әуесқойлар футбол лигасы бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың дамуына үлесін қосуда.
26 ақпан 2024 ж. 669 0