№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бізге қола бұйырды

Бізге қола бұйырды


“Алтын күз – 2023”облыстық спартакиадасы мәреге жетті. Аймақтың жеті ауданы бақ сынаған спорт додасында жалпы командалық есепте Жаңақорған ауданы қолаға қол созды. Дәстүрлі спартакиада биыл көршілес Шиелі ауданында өтіп, 1000-нан аса спортшы өнер көрсетті. Төрт күнге созылған бәсекеде спорттың 16 түрінен жүлделер сарапқа салынды.


Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптасты­ру мақсатында өтетін спартакиада­ның жалпы тарихы 40 жылға жуық­та­ды. Осы жылдар ішінде қаншама жастың қанаты қатайып, әлемдік сахнада ел абыройын асырып ке­леді. Шахмет, ат спорты, қазақша күрес пен командалық ойындардан ұлттық құрама сапынан ойып тұрып орнымыз білінеді. Міне, Сыр елінің спортшыларының көші жылдан жыл­ға ілгеріеп келеді. Айта кететіні, турникке тартылу биыл спартакиада бағдарламасына тұңғыш рет қосылып отыр.
Жалпы жыл сайын жаңақор­ған­дықтар жүлдесіз қалған емес. Жыл сайын үздік үштіктен түспейтін аудан саңлақтары биыл да қоланы қанағат тұтты. Соңғы үщ жылдың өзінде үш бірдей жүлдені қанжығаға байладық. 2021 жылы алтын тұғырдан көрінсек, былтыр Қазалыда өткен бәсеке­де күмісті місе тұттық. Биыл тағы бір саты төмендеп қоламен қуант­тық. Бұл да аудан спортының шоқтығы биік екенін көрсетеді.
Салтанатты шараны Шиелі ау­данының әкімі Нұржан Ахатов ашып, барша қатысушыларға сәттілік ті­леді. Сондай-ақ, мәдениет және спорт басқармасы басшысының орын­ба­сары Ж.Айекешов және облыстық мәслихат депутаты, спорт жанашы­ры, облыстық "Қайсар" СК директоры С.Мұстафа жылы лебізін біл­дір­ді. Жарыс барысында спартакиада алауы жағылып, спортшылар алғашқы кү­ні сынға түсті. Футбол, баскетбол, волейбол, қол күрес, шахмат, асық ату/бес асық, гір спорты, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, көкпар, тең­ге ілу, аударыспақ, гандбол және турникке тартылу сынды спорт түр­лерінен үздіктер анықталды.
Сонымен облыстық спорттың басты бәсекесінде жерлестер көкпар, гандбол, аударыспақ, теңге ілуден алтын тұғырдан көрінді. Шахмат, әйелдер арасында баскетболдан күмісті мойынға тақсақ, қазақша күрес, әйелдер арасында волейбол, ерлер арасында баскетболдан қоламен шектелдік. Осылай 4 алтын, екі кү­міс және 3 қоламен спартакиаданы қорытындылап, жалпы есепте үшінші орынға жайғастық.
– Жеті ауданның арасында үздік үштіктен тағы көріндік. Әрине қуа­ныштымыз, мұның барлығы бапкерлер мен спортшылардың және осы салада жүрген білікті мамандардың жеткен жетістігі. Кейбір спорт түрлерінен жүлде бұйырмаса да, спортшыларға көңіліміз толады. Келер жылы бұдан да биіктен көрінуге жұмыс жасаймыз, – деді аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Махмут Рахымжанов.
Иә, биылғы аудан спортшы­ла­рының жетістігі аз емес. Әлем чемпионатының жүлдесі бар, сары құрылық чемпионатынан да жүлдесіз емеспіз. Әсіресе, ат спортынан Сыр елінің намысын жаңақорғандық ба­луандар қорғап жүр. Оның айқын дәлелі спартакиада ойындарындағы көк­пар, теңге ілу мен аударыспақтан ауданның апайтөстері ешкімге дес бермеді. Сламхан Боранбаев бап­тайтын балуандар жыл сайын алтынын мойыннан тастаған емес.
– Жігіттер жарады, ендігі мақсат ел чемпионы болу. Оған дайындық үстіндеміз, Алла жазса, оның да ауылы алыс емес. Ал, облыста біз­дің командаға қарсылас табылмауда. Үш бірдей сыннан да сүрінбедік, демек алдағы бәсі биік жарыстарға дайынбыз деген сөз. Ең бастысы, шабандоздар өз бабында екен, – деді аға бапкеріміз Сламхан ағай.
Сол секілді гандболдан да біздің қыздарға қарсылас шақ келмеді. Құнанбайдың қыздары қазір аймақ абыройын асырып жүрсе, енді олар облыста алтынды ешкімге бермейтін секілді. Тек ішкі лигада қаланың қыздарына есе жіберіп қойған біздің арулар аудандар арасында асығы оңынан түсіп келеді. Тек жақында ғана үлкен футболдан облыс чем­пионы болған жігіттерге сәттілік жетіспеді.
Енді келер жылы “Алтын күз – 2024” облыстық спартакиадасы Сырдария ауданында өтетін болады. Жерлестерімізден алтын күтеміз.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ
03 қазан 2023 ж. 395 0