» » Футболист Мұ­хаммед Салах үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Футболист Мұ­хаммед Салах үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған


Футбол жанкүйерлеріне Мұ­хаммед Салахтың есімі жақсы та­ныс. Ол Афри­каның да 2017 жылғы үздік фут­болшысы атанды.2017 жылдың нәтижесі бойын­ша ең үздік араб футболшы­лары­ның тізімін жасаған араб елдерінің спорт журналистері «Ливер­пуль» мен Мысыр құрама командасының шабуылшысы Мұ­хаммед Салахты бірінші орынға қойды, деп жазады Алматы ақшамы газеті.
Ол Афри­каның да 2017 жылғы үздік фут­болшысы атанды. Ағылшын пре­мьер-лигасының қазіргі маусы­мын­дағы ең үздік «бомбардирі» Мұхам­мед Салах Мысыр құра­масының Ресейдегі Әлем чем­пионатында ойнауына жол ашты. 25 жастағы жігіттің атақ-даңқы мұнымен шектеліп тұрған жоқ.
Әлеуметтік желілерде айтыл­ғандай, ол футболда қақпа көздеп жүргенде, кәнігі ұрының бірі оның пәтерін көздеп жүріпті. Үйін үптеп кеткен ұрының үстінен оның әкесі сотқа шағым түсірген. Алайда, Мұхаммед әкесіне айтып, сотқа түсірген шағымды қайтадан кері алдырады. Ал үйіне түскен ұрыға қолұшын беріп, қаржылай көмек­тесіп, жұмыс табуына көмектеседі. Бұл ғана емес… оның өзге­лерге ой салатын басқа да істері көп болып тұр.
Мысыр құрамасын Әлем чем­пиона­тына шығарған Салахқа Египеттің беделді бизнесмені  хабарласып, оның от­басына ғажайып вилла сыйлай­тынын айтқан. Мұхаммед одан бірден бас тартып, егер жақсылық жасағысы келсе, туған жері Нагрикті дамытуға үлес қосуды өтінеді. Футболшы ол жерде мектеп салып, жан-жақты жаб­дықталған, төбесі жабық спорт залдарын ашып жатыр. Қомақты қаржысын емханаларға дәрі-дәрмек алуға, жедел жәрдем көліктерін сатып алуға бөлген. Сонымен бірге, жаңа үйленіп жатқан жас жұбай­лардың некеге тұруына көмектесіп, үйлену тойларын өткізуді мойнына алып келеді. Бұлар да өз алдына, ол 2017 жыл­дың соңында экономикасы құлдыраған өз елінің аяғынан тік тұруына қолұшын беріп, шет ел валютасымен қомақты қаржы аударады. Мүгедек болып қалған футболшыларды үнемі демеп отыратын Мұхаммед Салахтың осындай адамгер­шілік қырларын Ораза айында айтпай кетудің өзі күнә сияқты.
Біздің еліміздегі кейбір қаржылы азаматтар­дың бар тапқанын шет ел асырып жіберіп жатқанына ішіңіз ашиды. «Қайсыбірін айтайын» демеске лаж жоқ…

18 мамыр 2018 ж. 909 0