№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада Өтеген Сейітұлын еске алуға арналған футбол турнирі өтті

Қызылордада Өтеген Сейітұлын еске алуға арналған футбол турнирі өтті

Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен Қазақ ССР-нің Бас Прокуроры болған Сейітов Өтеген Сейітұлының 100 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өтті.Kyzylorda-news.kz.


Спорттық сайыстың ашылу салтанатында сөз алған облыс прокуроры Н.Бижанов, Өтеген Сейітұлының 100 жылдығына арналған іс-шаралар Бас Прокуратураның қолдауымен республика көлемінде ұйымдастырылып жатқанын және мұндай жобалардың өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен қызметтегі тәжірибелері үшін өте маңызды екенін, атап өтті.
Турнирге аймақ көлемінде прокуратура органдарында қызмет ететін әріптестер арасында 8 команда жасақталып, өзара сынға түсті.
Атап айтқанда, «Қылмыстық қудалау», «Қоғамдық мүдделерді қорғау», «Аппарат», «Қалалық прокуратура», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» және «Құқықтық статистика» командалары бар.
Іріктелген 8 команда арасындағы тартысты ойын 5 сағатқа созылды. Өз топтарынан озық шыққан «Қоғамдық мүдделерді қорғау» мен «Құқықтық статистика» командасы ақтық сайысқа жетіп, «Қоғамдық мүдделерді қорғаудың» жеңісімен аяқталды. Екінші орынды «Құқықтық статистика», үшінші орында «Аппарат» командасы иеленді.
Жеңімпаздар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Еске салайық, Өтеген Сейітов 1923 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Прокуратура органдарындағы қызметін 18 жасқа толмастан бастаған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, атқыштар взводының командирі болып, үш рет жараланған.
Соғыстан кейін кәсіби жолын жалғастырып Оңтүстік Қазақстан және Алматы облысы прокуратурасында жұмыс істеді.
1962 жылы Республика прокурорының бірінші орынбасары, 1966 жылы Республика прокуроры болып тағайындалып, зейнет демалысына шыққанша, яғни 1984 жылға дейін, осы қызметті атқарған.
Бүгінгі турнирдің мақсаты – Қазақстан прокуратурасының дамуына зор үлес қосқан Сейітов Өтеген Сейітұлын еске алу, еңбектерін дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
11 мамыр 2023 ж. 223 0