Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жерлесіміз жүлдемен оралды

Жерлесіміз жүлдемен оралды



Ауыр атлетика - спорттың олимпиадалық түрі. Ол дүниежүзінің көп елдерінде жақсы дамыған және біздің Отанымызда да көпшілікке кеңінен таралған. Міне соның бірі а
уыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаз жүлдегерлерін жерлестері күтіп алды.

Өткен аптада Астана қаласында өткен ауыр атлетикадан 2008 жылғы және одан кіші жасөспірім ұлдар және қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Жаңақорған ауданының №7 ОРМБЖ спорт мектебінің оқушылары Өмірзақ Инабат қыздар арасында 32кг салмақ дәрежесі бойынша қоссайыс нәтижесінде 62кг жинақтап І орынды, ұлдар арасында Сәндібаев Досымжан 37кг салмақ дәрежесі бойынша қоссайыстан 99кг жинақтап ІІ орынды иеленсе, Түгіскен ауылының №8 ОРМБЖ спорт мектебінің оқушысы Абылай Айым 64кг салмақ дәрежесі бойынша қоссайыс нәтижесінде 109кг жинақтап ІІІ орынды иеленді.

Қуанышқа бөленіп жатқан аудан тұрғындары мен спортшыларымызды аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы жеңістерімен құттықтап, еліміздің абыройын әрқашан асқақтата беруін, болашақта Олимпиада шыңдарын бағындыра беруін тілей отыра, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. 
03 желтоқсан 2022 ж. 471 0