№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Үстел теннисінен ашық біріншілік өтті

Үстел теннисінен ашық біріншілік өтті


Жаңақорған ауданында «Балалар жылына» орай үстел теннисінен 10-14 жастағы ұл-қыздар арасындағы ашық біріншілік ұйымдастырылды. 


Тартысты додада үздік нәтиже көрсеткен Қызылорда облысының № 4 олимпиадалық резерві мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің құрама командасы І-ші орын алды. ІІ-ші орынға Жаңақорған ауданының құрама командасы орналасса, ІІІ-ші орын  Төменарық ауылдық округінің командасына бұйырды.

«Мұндай жарыстарға бірнеше мәрте қатыстым, бірақ осындай деңгейдегі турнирден алғаш бірінші орын алуым. Қарсыластарымды жеңіп, чемпион атанғаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта бапкерімнің үмітін ақтап, республикалық сайыста да жеңімпаз болғым келеді. Менің қабілетімді байқап, спортқа бағыттаған ата-анама да алғысым шексіз. Олар үнемі менің қолдаушым болып жанымнан табылады», - дейді ойыншылардың бірі Айзере Ермұратова.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы құрама командасының бапкері Ернар Ибрай «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен марапатталды. 
Мұнан бөлек, кейбір жеке ойыншылар «Ең жас ойыншы», «Үздік ойыншы» номинациясында марапатталды.

Жарыс қорытындысымен жүлделі орындарға ие болған 7 үздік ойыншы Алматы қаласында өтетін турнирге жолдама алды.

01 желтоқсан 2022 ж. 480 0