Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Белбеу күресінен жерлестеріміз жүлдемен оралды

Белбеу күресінен жерлестеріміз жүлдемен оралды


Белбеу күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз күміс жүлдемен оралды.


12-15 қазан аралығында Астана қаласында Белбеу күресінен 2002-2004ж.т жастар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Румыния, Молдова, Әзірбайжан, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Литва, Латвия, Польша, Түркіменстан және Қырғызстаннан келген 200-дің үстінде балуан қатысып, ұлдар мен қыздар арасында бақтарын сынады.Үш күнге созылған байрақты бәсекеде 5 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы топ жарса, 4 алтын, 7 күміс және 8 қолаға ие болған Қазақстан құрамасы екінші орын алды. Үш алтын жүлдесі бар Ресей үздік үштікті түйіндеді. Қызылорда облысының Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Жаңақорған ауданының спортшылары топ жарды.75кг салмақта - Маукенбай Айберген 2- орын. №8 ОРМБЖМ 76кг салмақта - Убайдулла Нұрбану 2- орын.  №8 ОРМБЖМ Жаттықтырушылары: Абдусаттар Садықов, Атабаев Саулет, Нұрхожаев Аслан.

17 қазан 2022 ж. 1 488 0