№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Министр спортшыларға сәттілік тіледі

Министр спортшыларға сәттілік тіледі

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасына аттанған Қазақстан делегациясына сəттілік тіледі, деп жазады министрліктің ресми сайты.
«Құрметті спортшылар, бапкерлер, Қазақстан делегациясының өкілдері!
Сіздер əлем халқы асыға күткен Жапонияда өтетін XXXII жазғы Олимпиадаға аттандыңыздар. Атлеттердің алғашқы легі арнайы қалашыққа жетіп, қазір қызу дайындығын жалғастырып та жатыр.
Жалпы Олимпиада ежелден бейбітшіліктің жаршысы атанған, білекті де жүректі атлеттерді, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін біріктіретін достық мейрамына айналды. Əр ел кіл мықтысын аттанатын төрт жылдықтың басты додасы кескілескен əділ бəсеке алаңы болуымен қатар теңдік, жасампаздық, достық үстемдік құратын мезет.
Осы жолы əлемді шарпыған індеттің салдарынан Олимпиада дəстүрлі төрт жылдан кейін емес, бір жылға кейінге шегеріліп өткелі тұр. Осындай күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ел Үкіметі олимпиадашылар үшін барлық жағдайды жасап жатқанын айта кеткім келеді.
Отандық атлеттер Қазақстан тəуелсіз ер ретінде алғаш рет қатысқан Атлантадағы жазғы олимпия ойындарынан бастап батылдық, табандылық пен достыққа негізделген игі дəстүрді лайықты жалғастырып жатыр. Алдыңғы төрт жылдықтың басты бəсекесінде спортшыларымыз жалпы жүлде саны бойынша құрама рекордын орнатқаны үмітімізді еселейтіні жасырын емес. Сіздердің Токиодағы əр жетістіктеріңіз баға жетпес Тəуелсіздігіміздің 30 жылдығына құнды тарту деп білеміз.
Құрметті спортшылар, қаранар Қазақ елі Сіздерге сенеді, əр додада қызу қолдау көрсетеді. Сəтін салып байрақты бəсекеде асығыңыздың алшысынан түсуіне тілектеспін.
Құрметті бапкерлер, асқан ыждаһаттылықпен даярлаған сайыпқырандарыңыздың сайыста бағы мен бабы қатар шауып, Ұлы дала елінің даңқын асқақтата берсін. Көзге көріне бермейтін қажырлы еңбектеріңіз ақталсын.
Токио төріндегі сайыста көрнекті қайраткер Пьер де Кубертен ұсынған ұрандағыдай əр спортшымыз «Жылдамырақ, биігірек, мықтырақ» атанып, жүлделі болсын! Осы жолда сəттілік тілеймін!»-деп жазылған құттықтау хатында.
23 шілде 2021 ж. 580 0