«Қайсардың» қатары жаңа футболшылармен толықты

Сонымен қатар, жергілікті команданың намысын Гегам Кадемян, Арман Кеңесов, Стефан Денкович, Егор Потапов, Усман Н’Дойе, Сергей Карпович, Каролис Лаукжямис, Йован Чадженович, Артем Леонов секілді шетелдік ойыншылар қорғайды.
– Біздің команда жаңа маусымға сақадай сай. Биыл команда ойынына қан жүргізетін жергілікті футболшылармен келісім жасастық. Сондай-ақ, жыл басынан бері команда жаңа маусымға дайындығын жүргізу барысында 3 оқу жаттығу жиынын өткізді. Оның екеуі қаламызда өтсе, соңғысыТүркияда болды. Жиын барысында Еуропа мен Азияның беделді командаларымен 9 жолдастық кездесу өткіздік. Соның төртеуінде жеңіске жетсек, төртеуімен тең түстік. Тек бір командадан ұтылдық, – деді «Қайсар» ФК бас бапкері Сұлтан Әбілдаев.
Жолдастық кездесулерге Еуропаның жоғары деңгейлі командалары таңдалған. Мәселен, Украинаның үздік командасы «Десна», Македонияның жеңімпазы «Шкендия», Мавританияның жеңімпазы «Нуадибу», Қырғызстанның ең мықты ұжымы «Дордой», Ресейлік «Шинник», Грузияның «Телави» секілді командалар «Қайсарға» қарсылас болды. Жиын барысында 30-дан аса ойыншы қаралымға келіп, өздерін жақсы қырынан көрсеткен футболшылар «Қайсардың» сапына қосылды.
Айта кетейік, 12 наурызда «Қайсар» футбол командасының жаңа футболшыларын таныстыру рәсімі өтеді. Ал 14 наурызда «қасқырлар» ел біріншілігінің бірінші турынада «Тараз» командасын қабылдайды.