№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Чемпиондар лигасы жайлы қызықты деректер

Чемпиондар лигасы жайлы қызықты деректер


Чемпиондар лигасы футбол клубтары арасында өткізілетіні белгілі. Дегенмен елдер арасында саралайтын болсақ, бірінші орынға Испания, екінші орынды Англия, үшінші орында Италия шығады. Егер финалда ПСЖ үздік болса, Франция Сербия, Румыния, Шотландия сынды елдердің алдына шығады. Ал Бавария жеңімпаз болса кубокты Реал Мадрид пен Миланнан кейінгі орынға жайғасады.

1.) Испания:
Реал Мадрид – 1956, 1957, 1958, 1959, 1960, 1966, 1998, 2000, 2002, 2014, 2016, 2017, 2018
Барселона – 1992, 2006, 2009, 2011, 2015

2.) Англия:
Ливерпуль – 1977, 1978, 1981, 1984, 2005, 2019
Манчестер Юнайтед – 1968, 1999, 2008
Ноттингем Форест – 1979, 1980
Челси – 2012
Астон Вилла – 1982

3.) Италия:
Милан – 1963, 1969, 1989, 1990, 1994, 2003, 2007
Интернационале – 1964, 1965, 2010
Ювентус – 1985, 1996

4.) Германия:
Бавария – 1974, 1975, 1976, 2001, 2013
Боруссия Дортмунд – 1997
Гамбург – 1983

5.) Нидерланды:
Аякс – 1971, 1972, 1973, 1995
ПСВ – 1988
Фейеноорд – 1970

6.) Португалия:
Порту – 1987, 2004
Бенфика Лиссабон – 1961, 1962

7.) Франция:
Марсель – 1993

8.) Сербия (Югославия құрамында ЛЧ ұтты):
Црвена Звезда – 1991

9.) Румыния:
Стяуа – 1986

10.) Шотландия:
Селтик – 1967

КУБОКТЫ КІМДЕР АЛЫП ҚАЛА АЛДЫ?

Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған клуб кубокты өзінде 10 айға қалдыруға құқылы. Клубтың жеңісіне арнап кубоктың кішірейтілген нұсқасын алады. 5 рет немесе 3 рет қатарынан жеңімпаз атанған команда кубокты мәңгіге өзіне қалдырады.
Ең бірінші Еуропа Чемпиондар Кубогын турнирге франциялық L'Équipe газеті ұсынды. «Реал Мадрид» турнирді 5 рет жеңіп алғаннан кейін кубокты өзіне қалдырды.
Келесі кубок бұрынғысынан өзгеше болды. Оны Берн зергері Юрг Штадельманн жасады.Кубоктың құны 10 мың швейцариялық франк тұрады. Кубок күмістен ішіне алтын құйылып жасалды, биіктігі 62 сантиметр және салмағы 7,5 килограмм тұрады.
Кубоктың екі құлағы болғандықтан оны көп елдерде «үлкен құлақ» деп те атайды.
Кубокты мәңгіге 5 клуб алып қалды:
– «Реал Мадрид» 5 жеңістен кейін, 1960 жыл
– «Аякс» 3 жеңістен кейін, 1973 жыл
– «Бавария» (Мюнхен) 3 жеңістен кейін, 1976 жыл
– «Милан» 5 жеңістен кейін, 1994 жыл
– «Ливерпуль» 5 жеңістен кейін, 
2005 жыл

Дайындаған Ерлан АБДРАСИЛОВ
20 тамыз 2020 ж. 638 0