» » Вирус қай клубқа әсер етті?

Вирус қай клубқа әсер етті?

Әлеуметтік желіде жалақылары талқыға түскен әлем футболының жұлдыздары енді жалақыларының қысқаруына қарсы еместігін жеткізе бастады. Солардың көшін кататлониялық "Барселона" бастады. Клуб Президенті Хосеп Мария Бартомеу команда жетекшілерімен коронавирустық пандемиядан келетін экономикалық шығындар салдарынан ойыншылар жалақысын төмендету туралы сөйлесті. Ойыншылар жағдайға түсіністікпен қарап, клуб талабымен санасатындарын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz испаниялық бұқаралық ақпатат құралдарына сілтеме жасап.
Клуб карантинге байланысты билеттер мен трансляциялардан ғана емес, сонымен қатар компания дүкендерінде сатылымның төмендеуінен де шығынға ұшырайды. да ақша жоғалтады. Сонымен қатар, барселоналықтар өз музейінде және «Камп Ноуда» түрлі іс-шаралар өткізе алмауы себебінен бюджетін қампайта алмайтын болды.
«Барселона» басшылығы мен ойыншылардың жалақыны төмендету туралы келіссөздері ертерек басталып кетті, бірақ екі жақ та келісімге келуге дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, аталған келісім осы маусым қайтадан жалғасқаннан кейін белгілі болады.
23 наурыз 2020 ж. 439 0