Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 75

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » САЛАХ немесе МЕССИ? РОНАЛДУ НЕ ДЕЙДІ?

САЛАХ немесе МЕССИ? РОНАЛДУ НЕ ДЕЙДІ?

Қазіргі таңдағы әлем футболының жарық жұлдызы Криштиану Роналду жуырда тілшілерге берген сұхбатында Салах үздік пе, әлде Месси мықты ма, деген сұраққа ақыры жауап берді.
Иә, әлемнің футбол сүйер жұрты асыға күтіп отырған Ливерпуль мен Барселона арасындағы ойынға сарапшылармен бірге футболшылар да таңдауларын жасап, болжам айтуда. Ал, қос команданың көшбасшылары туралы бапкерлер мен ойыншылар түрлі пікір білдіре бастады. Алдымен осыдан бастайық.

Серхио Рамос, «Реал Мадрид» капитаны:
– Месси өте керемет футболшы. Мен үшін ол футбол тарихындағы ең үздік ойыншы. Себебі, әр жыл сайын өзінің дәрежесін өсіріп, мықты екенін дәлелдеп келеді. Месси капитан ретінде командасын алға сүйрей алады.
Салах ше? Иә, ол нағыз феномен. Оның алаңдағы рөліне керемет баға беруге болады. Ол өткен маусымда талантын көрсетті. Бірақ, оның ертегісі сол жерден тоқтады. Демек, ол маусымдық ойыншы ғана.
Роналду мен Месси соңғы он жылдықтың нағыз фавориттері. Ал, Салах уақытша деп ойлап қалдық. Алайда, осы жартылай финал оның дәрежесін анықтап береді.

Зинедин Зидан, «Реал Мадрид» бапкері:
– Месси – өте ақылды ойыншы. Ол өзгелер ойламаған нәрсені ойлап табады. Оны мойындау керек. Ал, Роналду мен Мессиді таңдар болсам, мен Криштиануды таңдаймын. Оның Реал ойыншы болғаны үшін емес, команда үшін әкелген пайдасын мойындаймын. Өйткені, Роналдудың арқасында біз көптеген жүлдені жеңдік...
Салах – ол өте қауіпті қарсылас. Алайда, оны Роналду және Мессимен тең дәрежеде қоюға болмайды. Оған әлі ерте.

Филиппе Коутиньо, «Барселона» ойыншысы:
– Мен қос футболшымен мен де бір командада ойын көрсеттім. Әрине, екеуі де тамаша ойыншылар. Салахтан көпшілік әлі де ашылмаған талантын күтуде. Месси ұлы ойыншы.

Криштиану Роналду, «Ювентус» ойыншысы:
– Маған Салах ұнайды. Оның физикалық дайындығы өте мықты. Десе де, ол тек Мессиге ұқсайды. Салахтың мен туралы: «Роналдудың ойыны маған күш береді» дегені мені қуантып тастады. Оған әлі де жұмыс жасау керек. Ал, ЧЛ-ның жартылай сынындағы ойынға келер болсақ. Сөз жоқ, Барса фаворит, себебі Месси бастаған жігіттер қашан да үздік, олар тоқтамайды. Тек Криштиану өнер көрсететін клубқа кездеспейінше.
Міне, әлем футболының танымал тұлғалары осылай ойларымен бөлісті. Ал, сіз кімді таңдайсыз? Пікір қалдыруды ұмытпаңыздар...
28 сәуір 2019 ж. 807 0