№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәжвирусынан Еуропа футболы қанша шығынға батады?

Тәжвирусынан Еуропа футболы қанша шығынға батады?

Еуропаның алдыңғы қатарлы лигалары коронавирустың кесірінен қанша шығынға батуы мүмкін? Еуропаның алдыңғы қатарлы лигалары (А сериясы, Ла Лига, АПЛ, Бундеслига, 1 лига) коронавирус індетінің кесірінен қанша шығынға батуы мүмкін екені болжанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүкіл әлемге таралған індетке байланысты тоқтатылған маусым аяқталмаса, 4 млрд еуроға дейін шығынға батуы мүмкін. Бұл туралы KPMG зерттеу компаниясы мәлімдеді. Атап айтқанда, Англия, Италия, Испания, Франция және Германия чемпионаттары қалған турларында 3,45-4 млрд еуро табыс табатын еді. Бұлардың ішінен АПЛ ең көп шығынға батып отыр. Ағылшын премьер лигасы 1,25 миллиард еуроға дейін, оның 800 миллионы ойын трансляцияларынан жоғалтады.

Сонымен қатар, испаниялық Ла Лига осы себеп бойынша 600 миллион еуро, Итальяның А сериясы – 450 миллион, Бундеслига мен Францияның 1 лигасы – 400 және 200 миллион шығынға ұшырайды. Айта кетейік, әлемге тараған коронавирус індетіне байланысты бірқатар спорттық шаралар уақытша тоқтатылған болатын.
19 наурыз 2020 ж. 530 0