№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ел чемпионатына жолдама алды

Ел чемпионатына жолдама алды


Жаңақорғанда дамудың жолына ел чемпионатына жолдама түскен спорттың қатарында таэквондо да бар. Әсіресе бұрымдылардың ба­ғын­дырған белесі бір төбе. Бал­ғын таэквондошылар байрақты бәсе­келерде ел мерейін үстем етіп жүргенінен куәміз. Жуырда ғана Гүлназ Кайбулла халықаралық тур­нирдің күміс жүлдесін жеңіп алды.
Қарағанды қаласында өткен Ауған соғысының ардагерлерін еске алуға арналған кадеттер арасындағы халықаралық турнирде Гүлназдың мерейі тасыды. Жеңіл салмақта қар­сылас шақ келтірмейтін Гүлназ тек ақтық сында сүрінді.
– Гүлназдың физикалық әлеуеті сәл жетпей қалды. Әйтпесе алтын қолда тұр еді. Десе де ол әлі жас спортшы, болашағы алда. Енді бізді ел чемпионаты күтіп тұр, дайындықты бастаймыз, – деді жаттықтырушысы Ерлан Төлепбергенов.
14 қараша 2019 ж. 1 002 0