Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Еуропа лигасы: бүгін «Астана» «Манчестер Юнайтедпен» кездеседі

Еуропа лигасы: бүгін «Астана» «Манчестер Юнайтедпен» кездеседі


Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңдегі алғашқы тур ойындары өтеді
деп хабарлайды
24.kz.
«Астана» атақты «Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтедпен» алаңға шығады. Роман Григорчук шәкірттері бұл ойынға тыңғылықты дайындалды. Тіпті Англияға сейсенбі күні барып, Манчестер қаласындағы стадионда жаттығуларын өткізді. Елорда командасының төрт көзі түгел. Жарақат алған футболшылар жоқ. «Астана» ойыншылары жауапты матчқа дайын екендерін мәлімдеді. Жартылай қорғаушы Антонио Рукавина қарсыластың атақ-даңқынан жасқанудың қажеті жоқ дейді. Ал «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер жастарға мүмкіндік береді. «Астанаға» қарсы алаңға қосалқы құрамда отырған футболшылар шығады. Атап айтқанда, екінші қақпашы Серхио Ромеро мен жас ойыншылар Аксель Туанзебе, Мэйсон Гринвуд негізгі құрамда ойнайды. «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» арасындағы матч бүгін түнгі бірде басталады.


19 қыркүйек 2019 ж. 578 0