Илья Ильин Токио Олимпиадасына дайындықты бастады
Допинг дауынан кейін кәсіпқой спорттан қол үзіп қалған жерлесіміз жақында қайта шақырту алды. Кәсіпқой ауыр атлет бапкерін алмастырып, жаттығудың жаңа бағдарламасын жасаған. Біртіндеп жазғы ойындарға қажетті ұпайды жинауға кірісті. Жуырда Қазақстан спартакиадасына қатысып, 102 келіге дейінгілер арасында топ жарды. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 370 келілік зілтемірді көтерді.
Бірақ өзі көрсеткішке көңілі толмайтынын айтады. «Алдағы бір жылда тынбай жаттығып, жүлдегер атануға қажетті деңгейге жету керек», - дейді.
Илья Ильин, әлем чемпионы:
- Токио Олимпиадасына жүлде үшін ғана барамын. Сондықтан біраз еңбектенуге тура келеді. Тәжірибем жеткілікті. Физикалық бабым да жақсы. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін.