№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қасымов сержанттар мен лейтенанттар қанша жалақы алатынын айтты

Қасымов сержанттар мен лейтенанттар қанша жалақы алатынын айтты


Ішкі істер министрлігінің басшысы Қалмұханбет Қасымов жол-патрульдік полициясындағы кадрлық жағдайлар туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Қазір офицерлік қызметке 3000 қызмет ауысты. Өкінішке орай, бұл жұмыс тек үш аймақта аяқталған, ал қалған жеті өңірде бірен-саран орындалып жатыр. Олар: Астана, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары",- деді министр Үкіметтің отырысында.
Одан бөлек, Қасымов басқа өңірлердіңәкімдерінен осы мәселені шешуге назар аударуын сұрады.
Ол бұл шешім полицейлердің жалақысын көтеріп қана қоймай, кадр құрамын жақсартуға оңәсерін тигізетінін айтты.
Сондай-ақ, министр қазіргі уақыттағы полициядағы сержанттар мен лейтенанттардың жалақысы туралы сөз етті.
"Бізде сержант 70-75 мың және одан көп алады. Кейінірек еңбек өтіліне байланысты аздаған пайыз қосылып отырады. Ал бірден лауазым иеленетін офицер 100-110 мың теңге алады", - деді ол.
Қасымов офицерлер айлықтарын еңбек өтілі мен лауазымдарына байланысты алатынын айтты.
"Біз жолда жұмыс істейтін полицейлердің деңгейін көтеріп жатырмыз. Енді жоғары білімі бар азаматтарды алмақпыз" , - деді Қалмұханбет Қасымов.
Ал сержанттыққызметке орта білімді қызметкерлер қабылданады.
ДЕРЕККӨЗ: nur.kz сайтынан.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 037 0