№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

№29 (8843) 22

22 сәуір 2025 ж.

№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Ардақты аналар, аяулы арулар!


Көктемнің шуағымен бірге келген жылулық пен ізгіліктің мерекесі – 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ана – қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Халқымыз әрқашан әйел затын қастерлеп, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.

«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Еліміздің гүлденіп-көркеюі, дамыған мемлекетке айналуы отбасындағы тату тіршілікке байланысты. Ал үй ішіндегі береке ананың қолында екені баршамызға белгілі. Сондықтан да, әйел – Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің бастауы ретінде бағаланады.

Қымбатты асыл аналар, қыз-келіншектер, қарындастар!

Сіздерге шынайы ықыласымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Көктемнің гүліндей құлпырып, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер!

Ізгі ниетпен,
Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов
09 наурыз 2025 ж. 603 0