№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дроппер деген кім? Олар несімен қауіпті?

Дроппер деген кім? Олар несімен қауіпті?

Кейінгі кезде Қазақстан жаңалықтарында полицияның дропперлерді ұстағаны туралы хабарды жиі еститін болдық. Көбіне олар жасөспірімдер, жастар болып жатады. Алаяқтар олардың өзін немесе шоттарын алданып қалған азаматтардың ақшасын аудару үшін пайдаланады. Кейде қандай да бір қылмысқа сыбайлас болып жатқанын дроппердің өзі де білмеуі мүмкін.
Дроппер (немесе дроп) деп алаяқтар қылмыстық жолмен басқалардың шотынан ұрлаған ақшаларын шығаруға немесе қолма-қол ақша айналдыру үшін пайдаланатын адамды айтады.
Дроппер не істейді? Ол басқа біреудің ақшасын қылмыскерлердің картасына аударады немесе өз шотынан шешіп алып, қолма-қол ақша түрінде береді. Сонымен бірге ол банкомат арқылы ақша толықтыруы немесе шешуі де мүмкін. Алаяқтар кәмелетке толған делдалдарға өз карточкаларын рәсімдеп, оның мәліметтерін (карта нөмірі, шыққан күні, үш саннан тұратын код) пайдалануға бергендері үшін ақшалай сыйақы береді. Қаскүнемдер мұндай карточкаларды ұрлап алған ақшаны аудару үшін және шығару үшін пайдаланады. Алайда, заң бойынша картаны атына рәсімдеген адам ол арқылы жүргізілген барлық операцияға өзі жауапты болады. Кейіннен картаны басқа біреулер пайдаланғанын, иесі картасына қастық әрекет жасалғанынан мүлде хабарсыз екенін полицияға дәлелдеу қиынға соғады.
Алаяқтар дропперлерді қалай табады және қалай арбайды? Көбіне алаяқтар мұндай «іске» ақшаға мұқтаж әрі осы әрекетінің салдары неге соғатынын саралай алмайтын жасөспірімдер мен тәжірибесіз студенттерді тартады. Ондай аңқау «қызметкерлерді» әдетте әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, электрондық пошта бойынша, таныстары арқылы және қоғамдық орындарда жұмыс тәжірибесі мен білімін талап етпейтін вакансия туралы хабарландырулар жариялау арқылы табады. Мысалы, алаяқтар жеңімпаздарға «ұтысын» жіберіп отыратын лотерея әкімшісінің жұмысын ұсынады. Сондай-ақ, олар ақшаға карта ашып табыс табуды, тіпті досын да әкелуді ұсынады. Ата-анасы ашып берген виртуалды картасын белсенді пайдаланатын оқушы да дропперге айналуы мүмкін.
dropper3-01.png
Алаяқтар жастарды тартымды талаптарымен: ешбір ауыр жұмыс істеместен, оңай ақша табуға болады деп қызықтырады. Әрине, олар карта арқылы қылмыстық жолмен алынған біреулердің ақшасын аударатынын және алатынын айтпайды. Жасөспірімдердің сеніп, оларды қалай да көндіру үшін түрлі аңыздар ойлап табады.
Сонымен қатар міндетті түрде қолданылатын заң бойынша жауапкершілік жайлы да ешкім сөз қозғамайды. Себебі осы әрекеттері арқылы қаскөйлер адамдарды алаяқтық әрекеттеріне қатыстырып, қылмыстық істеріне сыбайлас болуға тартады.
Жақында ғана, биыл қыркүйекте Алматыда алаяқтардың қылмыстық жолмен алған ақшасын қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен екі жас дроппердің ұсталғаны туралы айтылды. Олар ақшалай сыйақы үшін өздерінің банк карталары мен жеке мобильді банктік шоттарын қаскүнемдерге берген. Алаяқтардың бір әйелді алдау арқылы ұрлап алған 20 миллион теңгені осы жастардың шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырғаны белгілі болды. Полиция қылмыстық іс қозғап, дропперлерді қамауға алды.
dropper1-01.png
Алаяқтыққа қатысы бар адамдар заң бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылу түрінде жауапқа тартылады. 
Есіңізде болсын, түбінде дропперлер Фемидаға сай қатаң түрде жауапқа тартылады. Ерте ме, кеш пе, олардың ізіне түседі. Әдетте дропперлер бірінші болып ұсталады, себебі ақша ағыны солар арқылы өтеді, ал барлық аударым және басқа да операциялар банк жүйесінде тіркеледі. Барлық жерде камералар орнатылған, оның үстіне қазір полиция мұндай қылмыстық топтарды залалсыздандыруға жаңа технологияларды қолданады.
Бұл – қылмыстық жаза қолданылатын қылмыс! Алаяқтар ұрлаған барлық соманы сот шешімі арқылы кәмелетке толмаған дропперлердің өздерінен немесе олардың ата-аналарынан, қамқоршысынан өндіріп алуға болады. Әдетте бұл – миллиондаған ақша.
law-01.png
Алаяқтардың тұзағына қалай түспеуге болады?
Біріншіден, «батпан құйрықты» уәде ететін «керемет» ұсыныстар мен «вакансияларға» алданып қалмаңыз.
Екіншіден, өзіңізге және ата-анаңызға қатысты қаржылық ақпаратты немесе банк карталарының деректерін ешкімге беруге болмайды.
Үнемі ата-анаңызбен және ересек туыстарыңызбен кеңесіңіз!
2-millions-01-1.png
15 қараша 2024 ж. 449 0