ҚР Ұлттық банкінің төрағасы тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ғ.О.Пірматовты тағайындау туралы 2022 жылғы 03 ақпан Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын»,- делінген мәтінде.
Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келді.
Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген. Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, «Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2021 жылдары «Қазақ атом өнеркәсібі ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болды.