№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еуропалық Комиссияның вице-президенті Қазақстанда

Еуропалық Комиссияның вице-президенті Қазақстанда

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездестіҚасым-Жомарт Тоқаев Жозеп Боррельге ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.
Президент Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім барлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты.
Біз Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды қолдаймыз. Осыған байланысты Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің өте табысты болған сапарын және Еуропалық Комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөзімді атап өткім келеді. Біз ынтымақтастығымыздың көптеген мәселесі бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Сондай-ақ Египетте Қазақстан Премьер-Министрі мен Урсула фон дер Ляйен қол қойған Меморандумды құптаймын. Бұл – өзара ынтымақтастық тұрғысынан өте нақты қадам, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Жозеп Боррель Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет көрсете отырып қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астана мен Брюссель арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
– ЕуроОдақ пен Қазақстан – жақсы серіктестер. Біз өзара сенім мен құрмет көрсете отырып, ортақ сын-қатерлер туралы айтамыз. Сіздер Қазақстанды ашық, инклюзивті және демократиялық ел ету үшін өзгерістер жасауға бағытталған реформалар үдерісін бастадыңыздар. Менің сапарым осы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр, – деді Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

17 қараша 2022 ж. 522 0