№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру басты назарда

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру басты назарда

Соңғы екі жылда әлемде, оның ішінде елімізде болып жатқан пандемиялық жағдай мемлекет тарапынан реттелетін көптеген салаға өз әсерін тигізгені анық. Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушыға бағдарлану бойынша жұмыстың бәсеңдеуіне жол берілмегендігін атап өткен жөн.
Мысалы, 2022 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының мемлекеттік органдарымен 3 255 717 қызмет көрсетілген (2020 жылдың осы кезеңінде – 1 604 594), оның3 080 903 немесе 94,6% - электрондық нысанда ұсынылған. 2020 жылдың осы кезеңінде 1 604 594 қызмет көрсетілген. Яғни, екі жылда көрсетілген қызметтер саны 2 есеге артып отыр. Өз кезегінде, халықтың электрондық қызметтерді алу үлесі 45,5 пайызға артқан. Бұл, күрделі кезеңге қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өз қызмет нысандарын ауыстыра отырып, халыққа қызмет көрсетуді электрондық тәсілге көшіру бойынша тиісті шаралар қолданғанының нәтижесі.
Атап айтсақ, осыған дейін қызметіндегі шектеулерге байланысты Мемлекеттік корпорацияның мамандары тұрғындарға қызмет алу мәселелері бойынша бейнебайланыс арқылы кеңес беру тәжірибесін енгізген болатын. Сондай-ақ, қағаз жүзінде қызмет алу қажет болған жағдайда, азаматтар үшін алдын ала кезекке тұру мүмкіндігі жасалды. Осындай жұмыс тәсілі мемлекеттік кірістер органдарында да орын алды.
Осы тектес шаралар мемлекеттік аппараттың жұмысын реттеп, оның тұтынушыға бағдарлану деңгейін арттырып, тұрғындарға барынша оңтайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
Аталған шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы айтарлықтай жетістіктер болғанымен, онымен шектеліп қоймайды деген ойдамыз.
Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, олардың азаматтарға қол жетімділігін қамтамасыз ету аса маңызды стратегиялық бағдар болып қала бермек, сол себепті, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.
Біз тек мемлекеттік қызметтер және оларды алу тәсілдері санының артуына ғана емес, сондай-ақ қызметтер сапасына ерекше назар аударамыз. Бұл бағытта тұрғындар арасында қоғамдық мониторинг жүргізу арқылы жұмыс жасаймыз. Мониторинг өзекті мәселелерді айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша азаматтардың ұсыным енгізуін көздейді.
Әлеуметтік тұрғыдан маңызды 75 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізіліп, 2021 жылдың қорытындысы бойнша тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 5 баллдық шкала бойынша - 4,90баллды құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы көрсеткіштен 0,3 баллға жоғары.
Одан басқа бүгінде мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға қоғам өкілдері де белсенді қатысуда. Департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан қоғам өкілдері енгізілген. Олармен мемлекеттік органдар мен мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау іс-шаралары өткізілуде.
Үстіміздегі жылдың 6 айында 28 мекемеде қоғамдық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 16 кемшілік анықталған. Олар бойынша мүдделі мекемелерге ұсынымдар беріліп, кемшіліктер жойылды.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басты міндеті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдар болған жағдайда немесе қоғамдық бақылау іс-шараларына қатысуға ниет білдірген кез келген белсенді азаматтар Департаментке 8(7242) 70-56-36 телефоны арқылы хабарласа алады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев

26 тамыз 2022 ж. 1 988 0