№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қаңтар айында қызылордалықтарға 13 млрд теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленді

Қаңтар айында қызылордалықтарға 13 млрд теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленді

 2021 жылдан бастап зейнетақы 7%-ке, жәрдемақы 5%-ке өсті. Осы  өзгерістерге сәйкес Қызылорда облысы бойынша қаңтар айында 346 697 төлем алушыларға 13 млрд. теңге көлемінде зейнетақы мен жәрдемақы төленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев баяндады.

Соның ішінде 75 803 зейнет жасына жеткендер, 23 223 мүмкіндігі шектеулі жандар, 28 119 көпбалалы отбасылар болса, 16 642 Алтын, күміс алқа иегерлері, 9 182 азамат арнайы жәрдемақы алған.
Жалпы, 2020 жылы облыс бойынша 373 481 төлем алушыға 154 млрд. теңге көлемінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай кезеңінде айлық табысынан айрылған 531 645азаматқа42 500 теңгеәлеуметтік төлемі аударылып, COVID-19 инфекциясын жұқтырып, вирустық пневониямен ауырған денсаулық сақтау ұйымдарының 551 қызметкеріне біржолғы жәрдемақы төленді.
Айта кетейік, 2020 жылы Қызылорда облысында әлеуметтік сала бойынша барлығы  81 683қызмет көрсетілді. Бұл тұрғыда 2019 жылмен салыстырсақ, онлайн форматта алынған қызметтер көлемі артқан. Мәселен, 2019 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, жеке кабинеттері арқылы онлайн түрде өтініш білдіргендер 15%дықұраса, 2020 жылы онлайн өтініш жасағандар қатары 36%-ға артқан.
«Бұл дегеніміз жыл сайын әлеуметтік салаға қатысты қызметтерді азаматтар үйінде отырып-ақ, онлайн түрде және проактивті түрде рәсімдеуге машықтанып келеді. Оның үстіне әлемдік індетке қатысты төтенше жағдай да әсер етті. Бұл орайда, осынау қиын кезеңде мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандары демалыссыз, тұрғындардың төлемдерін аударуда тынымсыз еңбек еткенін айтып кеткім келеді. Соның ішінде жәрдемақы және зейнетақы аударумен ғана емес,  табысынан айрылған азаматтарға берілген 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақысын төлеумен де айналысты», – деді филиал директоры Айдын Қайруллаев.
Бүгінде мемлекеттік Реестр тізіліміндегі көрсетілетін қызметтердің 44-і әлеуметтік сала арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде 38 қызмет бүгінде электронды форматта көрсетілсе, 18-і проактивті, яғни азаматтардың қатысуынсыз автоматты түрде тағайындалған төлем немесе қызмет болып табылады.
Қазіргі таңда әлеуметтік салаға қатысты барлық қызметтерді проактивті форматқа көшіру жоспарлануда. Яғни, барлық қажетті құжаттар мен мәліметтер ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады. Тек қызмет алушы СМС арқылы келісім берсе жеткілікті. Бұл орайда, 2020 жылы облыс көлемінде 6 105азаматқа проактивті форматта қызмет көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайған.
30 қаңтар 2021 ж. 1 583 0