№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкімет зейнет жасын төмендете ме?

Үкімет зейнет жасын төмендете ме?

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Зейнетақы жасын төмендету туралы ұсыныс қарастырылып жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Зейнет жасын төмендету туралы ұсыныстар расымен түсіп жатыр. Зейнет жасының ұлғайтылуы немесе төмендетілуі бір мезетте шешілетін дүние емес. Бұл шешім қабылданбас бұрын, әлем елдерінде үлкен зерттеулерге, мерзімдік-өзекті болжамдарға сүйеніп отырып жасалады. Бұл жерде экономикалық, демографиялық факторлар ескеріледі. Бұған қоса жұмыс істеп жүрген азаматтар мен зейнеткерлердің арасындағы арақатынасы, халықтың қартаюы динамикасы сынды көрсеткіштер есепке алынады», – деді министр.Көршілес мемлекеттер мен Еуропа елдерін мысалға келтіре отырып, Нұрымбетов зейнетақы жасы төмендетілмейтінін кесіп айтты.
«Осыдан он жыл бұрын зейнтекерлердің саны жұмыс істеп жүргендерге қатысты 20%-ті құраса, қазір бұл көрсеткіш 30%-ды көрсетіп отыр. Сондай-ақ 65 жастан асқан аға буынның үлесі көбейіп жатыр. Биыл бұл 7,7%-дан асты.Қазіргі күні әлем елдері зейнетақы жасын көбейтіп жатыр. Сол себепті де осы әлемдегі трендтерді ескере отырып, үкімет зейнетақы жасын қарастырмайды», – деді Нұрымбетов.Stan.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
10 қазан 2020 ж. 914 0