№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Індеттің «жаңа толқынына» дайынбыз ба?

Індеттің «жаңа толқынына» дайынбыз ба?

Қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы сәл бәсеңдеп, жағ­дай тұрақталып келе жатқан секілді. Олай деп бағалауымызға келесі цифрлық көрсеткіштер дәлел. Мәселен, карантиндегі 5 апта ішінде  нау­қастар жатқан реанимациялық төсек-орын қажеттілігі 65%-ға төмендеген. Мо­бильді бригадалардың саны 7,6 есеге артты. Ал жедел жәрдем ша­қыр­ғандар са­н­ы 70%-ға  төмендеген. Дегенмен мамандар күзде коронавирус  маусымдық тұмау, ЖРВИ-мен қайта күшеюі мүмкін деген болжам айтуда. Болжам расталса, біз оған дайын боламыз ба?

Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің рес­ми ақпараты. Алайда 20 тамыздағы мә­лімет пневмонияға шалдыққандар саны кө­бейгенін көрсетті. Бір тәулікте коро­на­вирус инфекциясының белгілері бар пнев­монияның 723 жағдайы тіркеліп, 6 адам қай­тыс болды. Осыған қарап, жалпы жағ­дай тұрақталды деп айту ерте секілді. Өлім-жітім саны азай­ғаны­мен, кез келген сәтте көрсет­кіш артуы мүмкін. Бұл – пандемия аяқ­талды және азаматтар қалыпты өмірге орал­ды деген сөз емес. Оның үстіне, ма­ман­дар күзде коронавирустың келесі тол­қы­ны келе жатқанын айтады.   Жұрт тағы дәрі іздеп сенделмей ме? COVID-19 жұқтырған Юлия Тимошенконың жағдайы ауыр Бразилия ғалымдары ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты ДДҰ 12 жасқа дейінгі балаларға маска тағуды міндеттеу туралы мәселеге пікір білдірді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа толқыны қазан айын­да болатынын нақты айтып отыр. Күз айларында тұмау күшейетіні тағы бар. Сон­дықтан індеттің өршу ықтималдығы жо­ғары деген сөз. Көктем мен күзде бола­тын тұмау эпидемиясы денсаулық сақтау са­ласын біршама әлекке салатын еді. Ал оны­­мен қабаттаса коро­на­вирус ин­фек­ция­сы кү­шейе­тін болса, эпидемиялық ахуал ауыр болатыны айтпаса да түсінікті. Сон­дықтан қарсы тұру іс-қимылдарын ба­рынша күшейту маңызы арта түспек. Ден­саулық сақтау министрлігі жергілікті ат­­қарушы органдармен бірлесіп, алдағы күз­гі-қысқы кезеңге бел­сен­­ді дайындалып жат­қанын айтты. Әрине, дайынбыз деп ай­ту бір бөлек, ал оны іс жүзінде орын­дау бір басқа. Ең басты мәселе – дәрі тапшы­лығы. Оны болдырмау үшін қазір­ден бастап қам-қа­рекетке кірісу маңызды. Індет өршіген тұс­та дәрінің жоғы жығылғанға жұды­рық бол­ғаны рас. Президент осы мәселені ерек­ше тапсырған бола­тын. Денсаулық сақ­тау министр­лігі қазіргі уақытта ме­ди­ци­налық ұйымдар дәрілік препараттардың ай­лық көлемімен қамтамасыз етіл­ді деп сен­діріп отыр. 30 қыр­күйекке дейін дәрі­лер­дің екі ай­лық тұтыну қоры жасалып, дәрі-дәрмектен мәселе тумайты­нын айт­ты. Тек «арық сөйлеп, семіз шық» деген ма­­қалға иек артпа­ған тым сенімді мә­лім­деме болды. Дегенмен екі айға жеткі­лікті дәрі­­нің қорымен қамтамасыз ету мақ­саты қалай болатынын уақыт көр­сетер. «СҚ-Фар­мация» база­­сында республикалық жә­не 11 ай­мақтық тұрақтандыру қоры құ­­рыл­­ған. Алайда ол жөнінде дис­трибью­тор­дан ақпарат ала алма­дық. Тағы ашық­тық, кері байла­ныстың жоқтығы. Министрлік өкілдері амбу­латор­лық дең­гейде, яғни үйде ем алатын науқастарға ар­налған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұ­­мыс­тары аяқталып қалғанын айт­ты. Те­гін дәрілердің ішінде пара­цетамол, ибуп­рофен, рива­рок­­сабан, апиксабан мен да­бигат­ран деген препараттар бар, препа­­рат­тар қоры шамамен 1 миллион пациент­ке жететін көрінеді. Ал қажет кезде дәрі-дәр­мекті сатып алу былай тұрсын, оны тап­пай сандалған халықтың тегін дәрімен қам­ту ісіне сенімнен гөрі күдігі басым се­кілді.   Медициналық құрал-жабдық жеткілікті ме? Денсаулық сақтау министрі қазан айы­на дейін барлық облыс­­тық аурухананы қа­­жетті ап­параттар­­мен қамтамасыз етеміз деп отыр. «Ауруханаларды жаб­дық­­­­тау үшін 2 578 қосымша жел­деткіш сатып алынады, оның 1  500-і – отандық өндірушілерден, 1 078-і – жергілікті бюджет, де­меушілік жә­­не Дүниежүзілік банктің қаражаты есе­бінен. 23 890 төсек оттегімен қамтамасыз еті­ле­ді, оның ішінде 13 153 – оттегі байыту фабрикалары арқылы және 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық облыстық ауру­ханаларын сандық рентген аппарат­тарымен 100 пайызға қам­тамасыз ету жос­парлануда», – деді министр. Ал тамыз айы­ның басынан ахуал тұрақталды деп жос­­парлы медициналық көмек қай­та іске қос­ты. «Қазір терапевтік, кардиология, гастроэнтерология, аллергология, хирур­гия, невро­логия, пульмонология, реани_мация, акушерлік-гинекология, ней­ро­хирургия, травмато­логия­лық бейіндер, то­ракалдық хирур­гия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсететін 626 медициналық ұйым жұмы­сын қайта бастады. Алматыда – 67, Шы­ғыс Қазақстан облысында – 54 және Ал­ма­ты облысында – 50 мекеме жұмысын жан­дандырды», – деді Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің реми өкілі Бағ­дат Қо­жахметов. Алайда алдымызда індеттің үлкен толқыны келе жатқанда аталған дә­рі­­герлерге ағылатын жұрт корона­вирус­ты жұқтыру мен оны тартуға себепкер бо­ла­тынын еске­ру қажет секілді. Болжанған коронавирустың жаңа тол­қыны енді балаларға ауыр тиюі мүмкін де­ген пікірді маман­дардан жиі естиміз. Ал олар­ды қорғау, тиісті дәрімен қамтамасыз етуге қатысты нақты шаралар тізбесі әзірге жоқ. Осы уақытқа дейін де екі мыңнан ас­там бала коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ған. Оның ішінде қазіргі кезде республика бойынша ауруха­наларда 114 бала ем алып жатыр. Жалпы, пандемия бас­талғалы Қазақстанда 104 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдығып, 1 415 адам көз жұмған. Ал 21 264 адам пневмониямен ауырып, 243 азамат қайтыс болған. Ал әлем­де 14 миллион адам коронавирусқа шал­дығып, 600 мыңға жуығы көз жұмған. Пандемия адамзат бала­сына ауыр сынақ бол­ды. Тиісті ведомстволар мен денсаулық сақ­­тау ұйымдарының атқарып жатқан қыз­метін жоққа шығар­маймыз, алайда қиын кезең жедел әрекет етуді талап етеді. Сонымен бірге әр азамат тиісті талаптарды орын­дап, өз денсаулығы үшін жауап­кер­шілікпен қарауы тиіс деп ойлаймыз.  
23 тамыз 2020 ж. 401 0