№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәрігерлердің жан айқайы: Бүйректеріңіз бен бауырларыңызды сақтаңыздар!

Дәрігерлердің жан айқайы: Бүйректеріңіз бен бауырларыңызды сақтаңыздар!

Қазақстандық дәрігерлер мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы әлеуметтік желілердегі аккаунттарында «жан айқайын» жариялап, ел тұрғындарына Whats App арқылы емделуді доғаруды, бір-біріне коронавирусты «емдеу хаттамаларын» таратпауды өтінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барлығын доғаруларыңызды өтінемін! Whats App арқылы тараған хабарламалармен
емделмеңіздер! Біреулер жіберген «емдеу хаттамасын« таратуды қойыңыздар», – деп жазды дәрігер, Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының оқытушы-кеңесшісі Елена Хегай.
Сонымен қатар ол әріптестерін үй жағдайында Дексаметазон мен Преднизолон дәрілерін тағайындауға, сонымен қатар үйде ішуге 8-15 препарат жазып беруді қоюға шақырды.
«Амбулаторлық кезеңде негізгі назар симптомдар мен белгілерге, симптомдық емдеуге (жылы сұйықтықты үздіксіз ішу, толыққанды емдеу және теңгерімді тамақтану) аударылып, қарқынды бақылау жүргізілуі тиіс. Дәрілері – Ибупрофен немесе парацетамол», – деп кеңес береді ол.
Е.Хегайдың атап өтуінше, тіпті антибиотиктің өзі науқастардың басым бөлігіне аурудың алғашқы 7-10 күнінде тағайындалуы тиіс.
«Егер ол (антибиотик) тағайындалғанның өзінде тек бір препаратқа ғана және таблетка түрінде», – деді дәрігер.
Дәрігерлердің атап өтуінше, бүгінгі күні COVID-19-ға қарсы тиімділігі дәлелденген бірде-бір дәрі жоқ. Ацикловир гербес тобына кіретін вирустарға қарсы қолданғанда ғана тиімді. Ал Осельтамивир тұмауға ғана пайдалы.
«Бүйректеріңіз бен бауырларыңызды сақтаңыздар. Ол тыныс алу жетіспеушілігі және басқа да симптомдар өршіген кезде стационарға жататындар үшін аса қажет болады. Өйткені, оларға препараттар өте көп егіледі. Мұндайға қандай бүйрек, қандай бауыр шыдас бермек? Адамдар COVID-19 аурының өзінен ғана емес, сонымен бірге медициналық көмек алудың барлық кезеңіндегі аяусыз емделудің салдарынан өліп қалуы мүмкін», – деді дәрігер.

06 шілде 2020 ж. 685 0