Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 50

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жоғалған альпинисті құтқарушылар дронның көмегімен тапты

Жоғалған альпинисті құтқарушылар дронның көмегімен тапты


 Гималай тауының биік шыңдарын бағындыру үшін айтарлықтай қауіпті сапарға шыққан 65 жастағы шотландиялық Рика Аллена Броуд-Пик аумағына келгенде бағытынан жаңылып, белгісіз аймақта адасып қалған. Броуд-Пикте 36 сағат өткізіп, ендігі көмектен күдерін үзе бастаған Алленаға алыстан гуілдің даусы естіледі. Алғашында желдің дауысына ұқсағанымен, артынша дауыстың жақындай түскенін сезіп баладай қуанады.

Дронның операторы із-түссіз жоғалып кеткен шотландиялық алпинисті ашық түсті сөмкесінен байқаған. Ұшқышсыз басқарылатын кішкентай көлемді құрылғы белгіленген нүктеге жақындап келгеннен кейін, 65 жастағы азаматты бірден таныған. Осы аумаққа құтқарушылардың тікұшағы жіберіліп, 36 сағат суықта қалып қойған азаматты госпитальға жөнелтті. Шотландиялық альпинист жарақаттан, үсуден аман. Оның айтуынша, жалғыздықта 36 сағат қалып қойғаннан кейін ол өз өмірінен күдер үзе бастаған. "Дронның дауысын естігенде дүниеге қайта келгендей болдым",– депті.

19 шілде 2018 ж. 832 0