Соңғы жаңалықтар

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордалық белсенді жастың жобасы үздіктер қатарында

Қызылордалық белсенді жастың жобасы үздіктер қатарында

Мета әлемде тың жаңалық. Қызылордалық белсенді жас Раушанбек Шарапаттың «Ilgek_podcast» жобасы елорда төсінде АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткен «Жасанды интеллект дәуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» атты дәстүрлі ҮІ «QazaqForum»-да үздіктер қатарына шықты. Форумға дейін алдын ала жарияланған әлеуметтік желідегі үздік жобалар аламанынан екі жоба суырылып алға шыққан. Соның бірі – жерлесіміздікі. Ұзын саны 80 үміткер бақ сынаған байқауда жеңіске жеткен белсенді жас өзінің жобасын көпшілік көз қадаған шарада дәлелдеп шықты.Kyzylorda-news.kz.


– «Ilgek_podcast» жобасы облыстық онкология орталығында қоғаммен байланыс қызметінде жүргенімде ойға келген болатын. Негізгі идеясы қоғамға пайдалы, қоғамға өзінің тигізер үлесі бар, ой салатын, жастарға, замандастарға насихаттайтын, ақпарат алаңы болып саналады. «Anchor» қосымшасы арқылы орнатылады. Бұл подкасттың ерекшелігі кез келген адамға қол жетімді. Бұл жердегі басты месседж көше сыпырушы да, билік басында жүрген ағалар да айтқысы келген ойын ватсап арқылы жолдайды, біз оларды өңдеп ұсынамыз. Қоғамның өзінің қажет деп тапқан ойлары мен насихатын, біз жастарға, замандастарға насихаттаймыз, – дейді белсенді жас.
Форумға қазақтілді медиаконтент саласында жүрген мықтылар қатысты. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі оң бағасын берді. Краудфандингтің ақпараттық үлгісі саналатын жоба олардың да ойынан шықты. Подкасттың болашағына жаңа медиа жоспарлар құруды да ойға алған жас мұндай форумның қажеттілігінде байқап үлгерген.
– Корантодан бастап жасанды интеллектке дейін ғаламат ақпараттар алдым. Қатысқан спикерлерден Динара Сәтжан, Мақпал Жұмабай, Ерболат Мұхамеджан қатты ұнады. Себебі, дамуға деген құлшыныстары, кәсібилігін арттыра түсу үстіндегі ізденістері, аудиторияға деген құрметі кез келген маманнан табыла бермейтін қасиет. «Танымдық контенттің әлеуеті» панельдік сессия отырысында өзімнің «Ilgek podcast» деп аталатын жобамды таныстырдым. Біраз мәдени валюта жинап, жаңа бір тыныс ашылғандай болды. Жасанды зияттың дәуірінде макрейкер болып қалмау үшін құндылықтар қалыптастырып қана қоймай, оны шыңдай да білу керек екен, – дейді Раушанбек.
Заман талабына сай қоғамның жаңа мүмкіндіктерін қарастыра білгенде ғана біз көшке ілесеміз. Ал біздің алдымыздағы міндет жай ғана ілесу емес, көш бастау. Сондықтан, Раушанбектей таланттылар қай уақытта да өзін тұғырдан көрсететініне сенеміз.
03 мамыр 2023 ж. 307 0