№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сенім бар жерде даму бар

Сенім бар жерде даму бар


    Тәуелсіздік туы астында тұғырын тіктеп, толыққанды даму жолына түскен демократиялы мемлекетімізде әрбір жеке тұлға өзін қоғамнан тыс сезіне алмайды. Өзінің білімін, көзқарасын  осы бағытта өрістетіп, тіпті оның саяси платформасының қалыптасуына парасатты үн қосып, үлгілік жақтарын үкілеп отыратынына көзімізжетіп жүр. Қашаннан қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірі жұртшылығы болып елдік мәселелерде енжарлық танытпай,кешегі сайлау науқаны кезінде де еліміз бойынша алдыңғы қатардан табылуымыз өркенді өзгерістерді жан-жақты қолдайтын  саналық жаңғыруымыздың нақты көрінісін тағы бір дәлелдеді.Өз  таңдауын жасауға асыққан жасы да, кәрісі де әрбір дауыстың маңызды екенін терең сезінгендіктен сайлау үйлеріне арнайылап ат басын бұрып, байыпты қолдауын көрсетті.

  Кез келген елде кемелдікке жетудің жолы – бұқара халықтың ауызбіршілігімен астасқан мүдделер тоғысынан арна тартатынын тарих дәлелдеген. Тағдыры бір, мақсаты ортақ әлеуметтің саяси науқанда өзі сенім артқан азаматтарға арқа сүйеп, абыройын асыруға ұмтылуының өзі қоғам мүшелерінің бір-біріне қалтқысыз құрметін арттырып, ортақ жауапкершілікке жұмылдырса керек. Міне, кешегі сайлауда осындай жауапкершілік желкенін биікке көтеріп, белсенділік танытқан Сыр елі жұртшылығының бірлігі мен ынтымағына, елдік мәселедегі ұлық ұстанымына тағы да куә болдық. Таңғы жетіден бастап сайлау учаскелеріне ағылған жұртшылық мерекедегідей көңіл-күйде арқа-жарқа бас қосып, өз таңдауларын жасады. Бұл сайлаудың бұрынғы сайлаулардан өзгешелігі, көктем мерекесімен тұспа-тұс келуі дер едік. Саяси науқан жер-жерде мерекеленіп жатқан Наурыз нақышымен астаса өріліп, келешек өркендеуімізге тілек түйістірген әлеуметтің көңілінде жасампаздықтың  жалауын тіктеді.
   Мен де қоғамның бір мүшесі ретінде сайлауға барып, өз таңдауымды жасадым. Жүрегімде   халықтаңдаған қалаулылар талап биігінен табылады деген биік сенім тұр. Ал сенім бар жерде даму бар.
   Баян Үсейінова
21 наурыз 2023 ж. 227 0