№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгін «Қырғи қабақ соғыстың» оты тұтанған еді

Бүгін «Қырғи қабақ соғыстың» оты тұтанған еді

КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Еуропа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Еуропада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады.


Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маманДжордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді.
Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Еуропаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді.
1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грекияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грекиядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Грекия мен Түркияға 400 млн доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.
05 наурыз 2020 ж. 930 0