№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ СЕРПІНІ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ СЕРПІНІ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ


Құрылыс индустриясы – қашаннан да экономиканың негізгі іргетасы екендігі айқын. Сондықтан да, құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының артуына тікелей байланысты. Соңғы жылдары Жаңақорған ауданында бұл саладағы жұмыстар жоғары қарқынмен жүргізіліп келеді. Саладағы қарқынды істердің серпінін құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметовтен білдік. Сала басшысы сөзін сүйінші жаңалықтан бастады. Оның айтуынша, сәтін салса, жаңа оқу жылы кент орталығындағы №169 орта мектептің 600 орындық жаңа ғимаратының іргетасы қаланады.
– Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы 2019 жылдың 6 айында мемлекеттік бюджеттен 40243,868 мың теңге қаржы игерілді. Облыстық бюджеттен  14736,0 мың теңге қаржы қаралып, биыл Қаратөбе ауылдық округіндегі мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылысы салынды. Бөлінген қаржының 13251,239 мың теңгесі игеріліп, құрылыс нысаны маусым айында пайдалануға берілді. Осындай жоба облыстық бюджеттен бөлінген 14736,0 мың теңге қаржы қаралып, Сунақата ауылдық округіндегі мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылысы салынды. Бүгінгі күнге бюджеттен бөлінген қаржының 13251,240 мың теңгесі игеріліп, маусым айында аяқталды, – деді Орман Айтмағанбетұлы.
Сала басшысының сөзінен белгілі болғандай, жеке тұрғын құрылысыда өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда 124,8 процентке өскен. Өткен жылдың 6 айында 205 тұрғын үй бой көтерсе, биыл осы мерзімде 256 үй пайдалануға қабылданған.
Сонымен қатар, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы, биылғы жылы бірнеше  жоба-сметалық құжаттар әзірленгені белгілі болды.  Бірінші, 2018 жылы жобалаушы мекеме «Проммедконтракт» ЖШС арқылы, жалпы сметалық құны 1 139 240,0 мың теңге болатын, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті С.Сұлтанмұратов көшесіндегі 300 орындық мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттары жасалып, биылғы жылы «Стандарт-ОРД» ЖШС сараптамасының 03.01.2019 жылы оң қорытындысы алынған.
Екінші, 2018-2019 жылы жобалаушы мекеме «Сыр жоба» ЖШС арқылы, жалпы сметалық құны 614 373,669 мың теңге болатын, Жаңақорған кенті Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық бала­бақшаның құрылысының ЖСҚ әзірленіп, биыл мемлекеттік сараптаманың 18.02.2019 жылы оң  қорытындысы алынған.
Үшінші, 2018-2019 жылы жобалаушы мекеме «Диана-Л» ЖШС арқылы, жалпы сметалық құны 347 812,4 мың теңге болатын, Жаңақорған кентіндегі орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 29.01.2019 жылы  оң қорытындысы алынған.
Төртінші, 2018-2019 жылы жобалаушы «Крез Сервис» ЖШС арқылы, жалпы сметалық құны 284 346,446 мың теңге болатын,  Жаңақорған ауданы Өзгент ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтың құрылысының ЖСҚ әзірленіп,  1034,0 мың теңге қаржысы игеріліп,  мемлекеттік сараптаманың 14.02.2019 жылы оң қорытындысы алынған.
 Бесінші, Жобалаушы мекеме «Сыр жоба» ЖШС арқылы,  «Жаңақорған ауданы Бесарық ауылындағы 90 орындық балабақшаның құрылысы» ЖСҚ әзірленіп, биылғы жылға 1341,0мың теңге қаржысы игеріліп, мемлекеттік сараптаманың 11.06.2019 жылы  оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 469 872,051 мың теңге.
Алтыншы, 2019 жылы «НұрПроектСервис» ЖШС-мен бір көзден сатып алу бойынша келісім шарт жасалып, «Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің Б.Байкенжеев көшесінен салынатын 600 орындық №169 мектептің құрылысы» бойынша жоба-сметалық құжат­тар әзірленген. Осы жоба бойынша бар­лығы 3760,555 мың теңге қаржы игеріліп, мемлекеттік сараптаманың 24.05.2019 жылы оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы құны 2 878, 480 млн.теңге.
Аталған, құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының теңгеріміне беріліп, қазіргі таңда Басқарма арқылы жобаның құрылыс монтаж жұмыс­тарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Нысанның құрылысын 2019 жылы басталып, 2020 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
– Сондай-ақ биыл, Жаңақорған ауданынан екі жаттығу және стритбол алаңдарының құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге, облыстық бюджеттен 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоба әзірлеуге қажетті құжаттар рәсімделуде. Аталған нысандар бойынша, ЖСҚ жасалып, сараптаманың оң қорытындысы алынатын болады. Оған қоса, Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырыс беруімен әзірленген, сметалық құны 666 636,197 мың теңге болатын «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің «Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфра­­құрылымын салу. Жиделі топтық су қой­ма­сынан 3-көтерме сорғы станциясына дейінгі су құбыры» жобасының құрылысын жүргізу мақсатында, аталған жоба-сметалық құжаттарды бағдарлама әкімшісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстар комитетінің теңгеріміне өткізуге ұсынылды, – деді Орман Ахметов.
Алайда аталмыш жобаға бюджеттен қаржыландыру көздігіне кірмейтіндігі жөнінде жауап келген. ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 03.04.2019 жылғы №18-3-21/854-КВР шығыс хатына сәйкес, жобаның мемлекеттік сараптамасында қаржыландыру көзі 004 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыру» бюд­жеттік бағдарламасының 011, 015 «Респу­бликалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік инвестициялар болатындығы көрсетіліп, жоба Саяжай учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салуды қарастыратындығына ескерту берілген.
Яғни, Су кодексінің 37-бабы 1.1 тармағына сәйкес, Су ресурстары комитеті елді мекендерден тыс жерлерде магистральды су құбырларын жүргізу жобаларын іске асыруды үйлестіреді және сараптама қорытындысындағы қаржыландыру көзі бюджеттік бағдарламасы сәйкес келмейді. Жоғарыдағы баяндалған мәселеге байланысты, жобаның атауын «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Жиделі топтық су торабынан №1 сорғы станциясына дейінгі екінші магистральды су тасымалдаушы құбырының құрылысы» деп өзгертуге және мемлекеттік сараптама қорытындысындағы қаржыландыру көзі 004-«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыру» бюджеттік бағдарламасын, қаржыландыру көзі 006-«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасына ауыстыруға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 4327,0 мың теңге қаржыға бюджеттік өтінім беріліпті.
Түйіндей айтқанда, құрылыс саласының дамуы өркениет заманындағы өркендеудің өлшемі іспеттес. Яғни, құрылыс кешені ел экономикасына, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуетінің артуына шешуші ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса алдағы уақытта ауданның құрылыс қарқыны одан әрі қарыштап, сәулетті де дәулетті жобалар ел игілігіне жүзеге асады деген сенім мол. 

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
12 тамыз 2019 ж. 844 0