№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЛ ҮСТІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ САҚТАУ – ҚАЛТҚЫСЫЗ МІНДЕТ

ҚЫЛ ҮСТІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ САҚТАУ – ҚАЛТҚЫСЫЗ МІНДЕТ

Ел тыныштығы күзетінде күн-түнмен санаспай қызмет ететін қырандар жылдың қай мезгілінде болмасын қыс-жаз, жауын-шашын демей жанкешті жұмыстарынан жаңылған емес. Қызмет тәртібі солай. Тіпті тәртіп сақшысының тағдырын қас-қағым сәтте таразыға салар қатерлі тұстар да туындап жататынын ескерсек, қоғам қауіпсіздігіне қорған болып келе жатқан жауынгерлік қызмет сапындағылардың мемлекеттік мүддені және азаматтардың жеке басын қылмыстық қол сұғушылықтан сақтауда сауғаға түсер бас амандығы бәрінен қымбат. Дегенмен кәсібін шын сүйген кедергі-қиындықтан қаймықпай, еңсесін төмен түсірмеуге тырысады екен. Жан тыныштығы дегенді білмейтін, қоғамда қылмыстылықтың жолын қиып, алдын алуда бұлжымас талап, қатаң қағиданы қару етіп, қажырлы қызмет етіп келе жатқан тәртіп сқшыларының баршасына сондықтан да құрметпен қарауға тиіспіз.
Неге екенін, қоғамда полицияны сынап-мінеуге құлықтылар көп. Ал бірақ басына қиындық түскенде алдымен полицияны іздеп табатын әр азаматтың құқын қалпына келтіруде талап еткен аманат-өтініштері қанағаттандырылып жатады. Сақшы қызметкерлердің баршасына сондықтан құрметпен қарауға тиіспіз.
Ғасырдан астам тарихы бар полиция органдарының құрылымдық мазмұны жаңарғанымен қылмыскердің қолына кісен салып, жәбірленушіге қорған болар дәстүр сабақтастығына сына түспеген, қайта жаңа технологияның өмірге келуімен оперативтілігі артып, шынайылық салтанат құрып келеді.
23 маусым – Қазақстан полициясының төл мерекесі күніне орай аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеевке арнайы жолығып, саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде тереңірек білуге тырыстық.


Қалыпты өмірімізді күнбе-күн тың жаңа­лықтармен байытқан жаһандану үрдісінің үздік үлгілері бөлім жұмысына да бөлекше леп әкелгені сезімтал көңілге айтпай-ақ аңғарылып тұрғандай. Кіре берістегі кезекші бөлімнен бастап жауапты міндеттерін сапалы атқаруда ары-бері сартылдап кіріп-шығып жатқан сақшы сарбаздардың өздеріне нық сенімді болмысы мен интеллектуалдық көрінісінің сырт көзге айбынды көрінетінін айтуға тиіспіз. Бұл да көп өскеніміздің, өркениеттің нәтижесі. Бұл ойымызды қуаттаған бас сақшы сөзін төмендегіше сабақ­тады:
– Жаңа технологияның нәтижесінде қыл­мыстық іс жүргізу жүз пайыз электрондық нұсқаға көшті. Мұның артықшылығы, тергеуші жауап алған кезде бүкіл мән-жайды монитор арқылы екі жаққа да ашық және қолжетімді етуге болады. Бұл жағдайда қысым жасады, алдап жаздырды деген айыптауға жол берілмейді. Бәрі камера арқылы рәсімделеді. Бұрын бұл бағытта арыз­данған жағдайда тергеу құжаттары жоғары органдардан сұрыпталып, поштамен жауабы келем дегенше екі-үш ай өтіп кететін. Қазір осының барлығы электронды түрде екі-үш сағат көлемінде шешімін тауып жатады.
Бүгінде жол-полиция патрульдік қызметі әкімшілік планшет қолдануға көшті. Ереже тәртібін бұзған жүргізуші туралы толық ақпаратты арнайы базадан алуға болады. Осы мәліметтер негізінде хаттама толтырылып, сол мезетте Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура базасына ендіріледі. Оған тиісті айыппұлды оқиға орнында төлеу кассалық аппаратпен қамтамасыз етілген.
– Аудандағы қылмыстық ахуал, оның ашылу деңгейіне қандай баға бересіз?
– Ауданда ауыр қылмыс саны азайған. Кейбір қылмыстылық түрлері алаяқтың және бұзақылық істерді ашу бойынша көрсеткіш жоғарылады. Мал ұрлығы кеміді дегенімізбен түпкілікті жол бермеу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бір жетістігіміз, жасөспірімдер арасында биылғы жылдың бес айында бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. 2016 жылы жеткіншектер арасында 16 қылмыс орын алса, 2017 жылы 9 дерек тіркелген болатын. Соңғы кездері ата-ана мен мектеп, ұстаздар арасында тығыз байланыс орнығып, жанды жұмыстардың жүруі нәтижесінде тәртіпсіздікке тосқауыл қойылғанын көріп отырмыз.
Дүние жүзіндегі мемлекеттердің даму индикаторы үш бағыт бойынша: қоғамдық орындардағы қылмыстылық, көшедегі тәртіп және жасөспірімдер хал-ақуалы бойынша анықталады екен. Осы бағытта жоғары көрсеткішімізді сақтап қалу керек.
– Көпшіліктің полиция қыз­метіне сенімін нығайтуда қандай кадрлық саяси-ағарту жұмыстары жүріп жатыр?
Бұл бағытта жаңа айтып өткеніміздей, жаңа технология тиімді тетікке айналды. Қазір­де барлық сақшы -қызметкерлеріміз бей­нежетонмен қамтылған. Онда қыз­меткерлердің күнделікті жұмысындағы аудио және бейне жұмыстары тіркеледі. Оны тікелей Департамент қадағалайды. Бұл жағдайда заңбұзушылыққа жол берілмейтіні белгілі. Сол сияқты сақшы -қызметкердің жеке басы қауіпсіздігне де кепілдік береді.
Жалпы жұмыстың алға басуында қызмет­кердің көңіл-күйі мен қалыпты жағдайы да маңызға ие. Бұл ретте елді мекендер бойынша учаскелік инспекторлар баспанамен және автокөлікпен қамтылған. Барлық бөлімдер автокөлік және заманауи құралдармен толық жабдықталған. Нақты қамқорлыққа нәтижелі жауап болады деп үміттенеміз.
– Бүгінгі төл мерекеде жақсы қыз­метімен көзге түсіп жүрген тұлғаларға айрықша тоқталып өтсеңіз.
Аудандық полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Ғани Төлешов жөнінде тұрғындардан әрдайым жақсы лебіздер естіп жатамыз. Сол сияқты қылмысты іздестіру бөлімше бастығы Еркебұлан Битабаровтың табанды қызметін үлгі етуге болады. Төменарық ауылдық учаскелік инспекторы Алмас Абдуллаевқа да тұрғындар жақсы ықыласын білдіріп, қызметіне жоғары баға беріп жатыр.
Иә, біздің қызметкерлердің әрбір қада­мы – елдің көз алдында. Ең бастысы, ізгі қоғам­ның қарапайым қағидаларына қылау жұқтырмауда қырағы күзетінен танбайтын тәртіп сақшылары талапты өзінен бастауы керек дер едім, – дейді ол.
Басшы талабы осындай. Мәртебелі міндет орындалуымен маңызды.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
22 маусым 2019 ж. 871 0