№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Маса шақса...

Маса шақса...

Жаз мезгілінде ызыңдап маза бермей, шағып алатын маса жәндігінің қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?!

  Маса шаққанда дене бөртіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанған жөн.

  Адам баласы сияқты масаға да жағымсыз иістер әсер етеді. Маса шүйгіншөп (валериан), қалампыр гүлі, темекі, базилик өсімдігінің иісіне төтеп бере алмайды. Үйіңізге маса кірмесін десеңіз, терезеңіздің алдына базилик не қалампыр жапырақтарын қойып қойыңыз. Ал маса шағып алмасын десеңіз қол - аяғыңызға азғантай ғана шүйгіншөп сұйықтығын жағып алыңыз.

Маса ашық түстерді, соның ішінде сары түсті жақтырмайды. Егер де таза ауада демалуды көздесеңіз, үстіңізге сары киім киіп алыңыз. Сонда сізді маса шақпайды әрі демалысыңыз сәтті өтеді. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады.

 Маса жынысы мен жасына қарамастан көбіне аққұба адамдарды шағады екен. Сондай - ақ, маса ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерді жиі шағады.

  Ағылшын биолог - ғалымдары масаның еті тірі, сабырсыз адамдарды көбірек шағатынын дәлелдеген. Себебі, әрдайым қимылдап, тағат таппайтын жандардың қан айналымы жақсы. Ал жүзі суық, тұйық жандарға маса аса көп жоламайды екен.

Маса жүрек, бауыр, бүйрек ауруларымен ауыратын жандарды көп шағады. Себебі, маса адам ағзасында зиянды холестериннің бар - жоғын сезеді. Ал дертке шалдыққандардың ағзасында зиянды холестерин жетіп артылады.

Маса терісі жұмсақ әрі тершіл жандарға жақын келеді. Терісі жұмсақ, қаны таза болғандықтан маса кішкентай балаларды көбірек шағады.

Есіңізде болсын!!!
Егер маса шағып алса, айран немесе сүтпен ысқылап қойыңыз;
Шаққан денедегі орындарды қасып, тырнауға болмайды;
Тырнап, қасып тастасаңыз, ас содасы қосылған сумен шайып жіберіңіз;
Йод, шүйгіншөп сұйықтығын жағып қойыңыз;
Егер да маса сізді табиғат аясында шағып алса, шаққан орынға бақбақ, жалбыз, түймедақ жапырақтарын басыңыз.
Үй өсімдіктерінің ішінде алоэ, қазтамақ (герань) жапырақтарын басыңыз.
Маса кішкентай сәбиді шақпас үшін бесігінің я төсегінің жанына лимон я сарымсақ қойып қойыңыз. Шаққан жағдайда, балаға жылы сүт я қайнаған су беріп, шаққан орындарды тұзды сумен шайып жіберіңіз.
Маса шаққаннан соң, өзіңізді жайсыз сезініп, денеңіз бөртіп кетсе, дәрігерге хабарласыңыз.
Дереккөзі: Әлеуметтік желіден алынды.
30 мамыр 2019 ж. 2 153 0