Әлемдік рейтингте Елдос Сметов бесінші орынға жоғарылады
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, 60 келіде сынға түсетін Елдос Сметов әлемдік рейтингте жоғарылады. Бұл туралы zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен демалыс күндері Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-при турнирінде Сметов жеңімпаз атанған болатын. Бұл спортшының жаңартылған әлемдік рейтингте бір саты жоғарылап, бесінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.
Елдостың қоржынында 4380 ұпай бар. Ал 60 келі салмақтағы балуандардың көшін ресейлік Роберт Мшвидобадзе бастап тұр. Екінші орында жапондық Руджи Нагаяма.
Үшінші және төртінші сатыны грузиялық Амиран Папинашвили мен жапондық Наохиса Такато иеленген.
Бұған дейін гран-при турнирінің қорытындысы бойынша екі жүлде еншілеген Қазақстан командасы жалпы есепте үшінші орынға табан тірегені туралы жазғанбыз.