№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Үстіміздегі жылдың 20-21 мамырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағаның орынбасары Олжас Бектенов бастаған делегация Аустрияның Вена қаласындағы Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның 28-ші сессиясына қатысты.

Іс-шара барысында делегация басшысы Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі 15-ші Конгресін өткізуге әзір екеніндігі жөнінде ресми мәлімдемені айтты.
БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі конгресі - мемлекет және үкімет басшылары, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, ғалымдар және сарапшылардың қатысуымен қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы бес жылда бір рет өтетін әлемдегі ең ауқымды форум болып табылады.
Аталған іс-шараның Нұр-Сұлтанда өткізілуі қылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді, және Орталық Азия өңіріндегі елдерде қылмыстық сот төрелігіне қатысты заңнамаға белсенді түрде халықаралық мойындалған стандарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша үлес қосады.
Сессия барысында О.Бектенов бірқатар мемлекеттің өкілдерімен, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының хатшылығымен кездесулер өткізді.
Сондай-ақ Жапония делегациясымен кездесу барысында барысында 2020 жылы Киотода өтетін БҰҰ-ның 14-ші Конгресіне дайындық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, іс-сапар аясында БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Венадағы өкілдігінің бас директоры, Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотов және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Экономикалық және экологиялық қызметінің үйлестірушісі Вук Жугичпен кездесулер болды.
БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша 15-ші Конгресін өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласы кандидатурасының ұсынылуын құптады. Кездесу барысында Агенттік және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.
Бұдан бөлек, Агенттік делегациясы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Академиясының (МАКА) басшылығымен а.ж. 2-4 қазанда Нұр-Сұлтанда МАКА қатысушылары Ассамблеясын өткізу бойынша дайындық мәселелерін талқылады.
21 мамыр 2019 ж. 1 044 0