№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рамазанды қалай өткізуді жоспарлаңыз!

Рамазанды қалай өткізуді жоспарлаңыз!



Әне-міне дегенше, көпті сағындырып, асықтырып қасиетті Рамазан да келіп жетті. Айлардың сұлтаны, күндер мен түндердің падишасы болған ораза айының мұсылман қауым үшін тигізер пайдасы ұлан-асыр. Алла алдындағы пенделік құлшылығын іске асыруға берілген бұл керемет айды кімнің қалай өткізері тек амалына байланысты. Яғни, біреулер тек ұйықтаумен ауыз бекітсе, енді біреулер қым-қуырт тіршілікпен айналысып, құлшылық қылып жатады. Не десек те, Алла алдында қайырлысы – иманын күшейтіп, жұмысымен де, құлышылығы мен де айналысқандар екен. Олай болса, сіздерді Рамазан айын қалай өткузіді жоспарлауға шақырамыз.
  1. Көбірек дұға ету. Аузы бекітілген пенденің дұғасы қабыл болатындықтан, алдағы жылы өміріңізде болатын өзгерістер үшін, отбасы, бауырлар үшін, егемен елдің ертеңі үшін жиі тілек-дұға ету.
  2. Зікір айту. Аллаға мадақ айту. Расында да, күллі ғаламды жаратып, адамды адам, мақлұқты мақлұқ еткен әрнәрсені өз орнымен жаратқан Алланың құдіреті шексіз. Ол қаласа бүкіл әлемді бәр сәтте жоқ қылып, қаласа бір сәтте жоқтан бар жасайды. Алайда, Жаратушының өзін таныған пенделерге деген нығметі мен мейірімі шексіз.
  3. Әс-салям, Әль-Фаттаһ, Әль-мумин, Әль-Хаһар сынды Жаратқанның өзіне тән 99 кемел сипаты бар. Осыны жаттап алып, дұғасына қосқан пенденің әлбетте тілегі қабыл болмақ.
  4. 100 рет салауат айту. Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.а.с) Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Оның мәңгілік орнын жәннат еткеніңдей, бізді де мархамат құшағыңа бөлей гөр деп дұға ету – амалдардың абзалы. Ай бойы салауатын үзбеген пендеге ақыретты жәрдемші көп болмақ.
  5. Жоғарыда көрсетілген құлшылық амалдан бөлек, дүниауи тірліктерді де қатар алып жүрген абзал. Ораза тұттым екен деп тек құлшылық жасап, төсегіңді, айналаңды жинамау – қате іс. Керісінше, айналаңызға барынша күш салмауға тырысып, өзіңізге тиесілі қызметтерді өз қолыңызбен атқарған дұрыс. Әсіресе, үйдің тазалығы, ыдыс-аяқтар мен жатын бөлме тазалығына баса назар аударған жөн.
                          Дайындаған Ханзада ДОШАН.
06 мамыр 2019 ж. 837 0