БОЛАШАҚҚА БАСТАР ҚАДАМ
Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру барысындағы маңызды міндеттерін айқындап берді.
Жолдауда халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған түрлі міндеттер, өмір сүруге жайлы орта қалыптастырумен қоса денсаулық, спорт, экономика салалары және ұлт саулығы мен құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажеттігі көрсетілген. Білім саласы бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Ал, 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы еліміздегі өсіп келе жатқан жастардың болашағына бей-жай қарамағанын көрсетеді. Жалпы, Президенттің қай кездегі Жолдауын қарасақ та жастарға баса назар аударатынын көреміз. Бұл дегеніміз – жастардың болашағы мен тұрмысы Елбасының ерекше бақылауында болғандығының белгісі.
Сонымен қатар «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуге бағытталған міндет жасөспірім қазақстандықтардың елі мен жеріне жаны ашитын, қайсар партриот болып өсулеріне ерекше үлес қосары сөзсіз. Тағы тоқтала кететін жағдай – бастамаларға арнайы қаржылық көлем бөлгендігі. Елбасы «Біз әрдайым бизнеске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен денсаулығы маңыздырақ» – деп ерекше тоқталып өтті.
Президент Жолдауда құқық қорғау органдарын да бей-жай қалдырмады. Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналатындығын басшылыққа ала отырып, құқық қорғау органдары жұмыстарына да енгізілу керек бірқатар өзгерістерге тоқталды. Атап айтар болсақ, құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысын түбегейлі жақсарту, ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландыру, кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту бар. Сондай-ақ, құқық қорғау саласында халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу, жұмысты сервистік модельге көшіру т.б. Бұл өзгерістер халық сенімі мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдау тапсырылған болатын. Әрі, кез-келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратындығын да ерекше айтып өтті. Бүгінгі таңда Елбасының Жолдауында берілген тапсырма бойынша аталған жол картасы әзірленіп, бірқатар жұмыстарды жүргізілуде.
Біздің міндет – егемен ел үшін Елбасы тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды жандандыру, халыққа түсіндіру және оның жүзеге асырылуына қоғамдық тұрғыда атсалысу. Қазақта «келісіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар. Сондықтан, Президент тапсырған міндеттерді абыроймен атқару үшін біз бірігіп, түсінісіп тіршілік етуіміз керек. Әрқайсымыз өз саламызда адал еңбек етіп, бірлікте болсақ, экономика тұрақталып, Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болары сөзсіз.
Айгерім ЖҰМАТАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша сот
сараптамалары институтының бас сарапшысы.