№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 1100 ҚЫЗҒАЛДАҚ СЫЙЛАДЫ

1100 ҚЫЗҒАЛДАҚ СЫЙЛАДЫ

Баянауылда әйелдерге 1100 қызғалдақ сыйлады Ауданда 8 Наурыз  Халықаралық әйелдер күні ауылдарда тұратын көп бала өсіріп, тәрбиелеген және ұзақ жылдар еңбек еткен аналар, қыз-келіншектер облыс және аудан әкімінің марапаттарына ие болды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, Сәтбаев ауылдық аумағында тұратын Ақбет Қалышбекова, Күркелі ауылынан Қырмызы Керімханова, Майқайың кентінің тұрғыны Жайнагүл Жаманкүлдерге «Алтын Алқа» және «Күміс алқа»  табыс етілді. Сонымен бірге, мерекелік шарада ауданда тұратын 48 әйел еліміздің Білім және Ғылым министірлігінің Құрмет грамотасы және облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Майқайың кентінде тұратын Сәуле Әбілдинова болса, ұлттық нақышта ересектер мен балаларға арналған киім тігеді. Кәсіпкер әйел  «Бастаудың» алтыншы легіне қатысып, 2017 жылдан бері өзінің жеке кәсібімен айналысуда. Мысалы, Сәуле «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алған. Бұл қаржыға тігін машиналарын сатып алған. Ал, аудандық әкімдік атынан сатып алынған 1100 қызғалдақ  гүлдерін аудан орталығындағы мектеп оқушылары көшелерге шығып, өздеріне кездескен әрбір анаға, қыздарға, әйел қауымына таратып, сыйлады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 8625 отбасы тұрады. Оның ішінде 3839-сі 4 және одан да көп бала тәрбиелеуде.   Жыл басынан бері 1000 отбасына 4,2 миллион теңгеге көмек көрсетілген. 

Фарида БЫҚАЙ.
10 наурыз 2019 ж. 1 016 0