№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Олжас Сүлейменов Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Олжас Сүлейменов Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады.

  Белгілі жазушы Олжас Сүлейменов немересі Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін екі жылға сотталған Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ÐÑкендÑÑ Ð¡Ò¯Ð»ÐµÐ¹Ð¼ÐµÐ½Ð¾Ð².

  Еске салайық, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

  "Ескендір Сүлейменовтің қаза болғанына алты ай болды. Туыстарын мұндай ауыртпалықтан ешқандай да уақыт емдемейді. Немерем тәжірибесіз жүргізушінің қолынан қаза тапты. Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан мотоциклшіні қағып өлтірді. Бірнеше айдан соң тергеу бұл деректі растады. Осыған сәйкес аудандық сот шешім қабылдады.

   2018 жылдың 26 желтоқсанында Астана қалалық соты осы істі тағы қарайды. Сүлейменовтер отбасындағы ең үлкені мен болғандықтан жауапкершілікті өз мойныма алып, Жоғарғы сотқа осы жол апатына кінәлі деп танылған сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраймын. Оның жасы 30-ға келіп қалды. Тұрмысқа шықсын, ана атансын. Сонда ғана Малика Мұхитова біздің сезімімізді түсінеді. Ескендірді енді қайтара алмаймыз, бірақ ол қыздың өмірін құртқымыз келмейді", - деп жазған Олжас Сүлейменов үндеуінде.

   Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

21 желтоқсан 2018 ж. 604 0