№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көзі шарасынан шығып кеткен 8 жасар жерлесіміз қыз елдің жүрегін ауыртты

Көзі шарасынан шығып кеткен 8 жасар жерлесіміз қыз елдің жүрегін ауыртты

  Жаңақорған ауданының сегіз жасар тұрғыны Ажар Жүсіпәліқызы медициналық көмекке мұқтаж. Әлі күнге дейін мектепке бармаған кішкентай қызға дәрігерлер толық диагноз қоймаған. Кішкентай қыздың анасы Базаркүл Кененбаева дәрігерлердің табалдырығын тоздырып, Ажарға қажетті көмекті ала алмаған деп хабарлайды  "КТК" арнасының "Дау-дамайсыз" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
ÐÐ¶Ð°Ñ ÐÒ¯ÑÑпÓлÑÒÑзÑ. ФоÑо: "ÐаÑ-дамайÑÑз" баÒдаÑламаÑÑнан кадÑ
Қызының дертіне ем іздеген ата-ана өздерінің жанайқайын жеткізді.

"Толық сөйлеп, ести алмайтын оның келешегі не болмақ? Адам тіпті есігінің алдындағы итін қимайды ғой. Басындағы ісігі күннен-күнге үлкейіп барады.

Қимайсың ғой. Дәрігерлерге барғаннан нәтиже жоқ. Қалған өмірімді осы қызыма бере салатын едім.

Дәрігерлерге сенбеймін. Олар сегіз жыл қарамағанда, өлтіре салудан тайынбайды", - деп жылады Ажардың әкесі.

Ажардың ата-анасы қыздарын көшеге алып шығудан қалған. Олар жұрттың түртпектеуінен шаршағанын мәлім етті.

"Бізді моншаға да кіргізбейді. Адамдар қорқады. Қызымды көшеге алып шықсам: "Неге қызыңызға көзілдірік кигізбейсіз", "Астагфирулла" деп жүрегімізді ауыртады. Қызыма логопед сұрағанмын. Бірақ бермей жатыр. 2016 жылы арыз жазып, қызымды үйден оқытпақ болдым. Қызым айнаға қарайды да, ызаланып жылайды. Оны көріп, мен жылаймын", - деді Ажардың анасы Базаркүл Кененбаева.

Ал дәрігерлер Ажар Жүсіпәліқызына алты жасынан бастап мектепке баруға немесе үйден оқытуға кеңес бермеген. Ажардың дәрігерлік құжаттары да дұрыс болмай, мүгедектікке алатын жәрдемақысын тоқтатып тастаған.

"Бұл қыз туа бітті жүрек ақауы, экзофтальм IV дәрежесімен, тағы да бірнеше дерттермен туылған. Баланың дамуы кеш жүріп жатыр. Невропатология жағынан ем алып отыр. Ал мүгедектікке берілетін жәрдемақы екі жылға беріліп отырады. Осы қараша айынан бастап тоқтау себебі - Ажар жүрек ақауымен жәрдемақы алып жүрген. Енді қайта өткіземіз", - деді невропатолог Кенжеқыз Қалыбаева.

Сондай-ақ, сегіз жасар қыздың медициналық парақшасына үйден білім алу керектігін жазған дәрігер ол жайлы Ажардың анасына түсіндіріп айтпапты.

"Барлығын толық тексеріп, бір ай көлемінде шешім шығарамыз. Кінәлі адамдардың барлығын жазалаймыз", - деді Жаңақорған аудандық амбулаториялық емханалық қызметі бар аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаев.


07 желтоқсан 2018 ж. 1 011 2

Гость Jeahulalf от 27 ақпан 2019 21:39
Generic Zithromax Buy Canadian Pharmacy Expedited Shipping Sildenafil 25 Mg viagra online Propecia Itch Scabies Medication Buy Cialis Uk

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 02:58
Donde Venden Viagra Madrid Viagra On Line Australia cialis generic Cialis Controindicazioni Effetti Collaterali Cephalexin Used In Cats