№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Гауһармен безендірілген ұшақ желіде талқыға түсті

Гауһармен безендірілген ұшақ желіде талқыға түсті

   Блогер Сара Шакил Италия мәдениетімен танысу үшін Миланға ұшатынын айтты. Сол күні Emirates әуекомпаниясы Twitter-дегі ресми парақшасында сурет жариялады.


 «Emirates Bling 777 ұшағын назарларыңызға ұсынамыз. Суретті Сара Шакил түсірді», – деп жазылған хабарламада.

Желі қолданушылары гауһар ұшақтың қажетсіз екенін атады.

«Кешіріңіздер, бірақ әлемге бұдан да басқа нәрсе қажет секілді. Осы қаражатқа жәрдемге мұқтаж адамдарға көмектессе игі еді», – деп жазды желідегілер.

Кейбірі суреттің шынайылығына сенген жоқ. Мұны фотошоп бағдардамасы арқылы жасалған деп сенді.

  «Бұл жалған. Ұшаққа артық салмақ қосылғанда оның жұмысы қиындайды. Қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Әрі техникалақ тұрғыда гауһармен безендіріп шығу мүмін емес», – деп жазды енді бірі.

Осыдан кейін блогер тағы бір сурет жариялады.

  «Сіздер суреттің шын екеніне сену үшін ұшар алдында тағы да суретке түсіріп алдым», – деп жазды Сара.

  Желі қолданушылары мұндай ұшақтың барына әлі де сене алар емес. Желіде екіжақты пікірталас жүріп жатыр.




07 желтоқсан 2018 ж. 734 0