№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Цифрлық телевидениеге бірінші болып қай өңірлер өтеді

Цифрлық телевидениеге бірінші болып қай өңірлер өтеді

     Қазақстанда цифрлық телевидениеге өтуге байланысты телерадио хабар таратудың қолданыстағы сигналдарын тоқтату бағдарламасы басталды. Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ел өңірлерін цифрлық телевидениеге ауыстыру мәселесі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
æøÃÂÃÂûÃÂàÃÂõûõòøôõýøõóõ ñÃÂÃÂÃÂýÃÂàñþûÃÂÿ ÃÂðù éãÃÂÃÂûõàéÃÂõôÃÂ

 Әлемдегі көптеген елдер, соның ішінде Қазақстанмен шекаралас мемлекеттер цифрлық телевидениені таңдады. Алматы облыстық радио хабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықовтың айтуынша, биыл 21 қазаннан бастап Маңғыстау облысында телерадио хабар таратудың қолданыстағы сигналы тоқтатылады. «Цифрлық хабар таратуды енгізу бұл, ең алдымен - ұлттық қауіпсіздік. 2012 жылы басталып, 2021 жылы аяқталатын цифрландыру жобасы бойынша 827 радиостанция орнатылған. Ең соңында ескірген сигналдар Алматы мен Астана қалаларында өшіріледі. Абоненттер бұл үшін ешқандай ақы төлемейтінін түсінулері керек. Сондай-ақ, қалаларда телевидениені өшіру кестесі жасалған. Кесте бойынша Маңғыстау облысында өшірілді. Енді жыл соңына дейін Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкентте тоқтатылады. Алматы облысында аналогтық телевидение 2019 жылдың ортасында өшіріліп, тек цифрлық қалады», - деді Қайсар Раздықов. Оның сөзінше, Алматы мен Алматы облысының 73 елді мекенінде 3 миллионнан астам тұрғынды қамтимын 87 радиотелевизиялық станса салынған. «Алматы 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін толықтай цифрлық телевидениеге өтеді. Цифрлық хабар таратуға өту үшін цифрлық радио-, телесигналдың болуын қамтамасыз ету керек. 2017 жылдан бастап тұрғындарға цифрлық телевидение үшін приставкалар жеткізіп жатырмыз», - деді Алматы қалалық әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту басқармасы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Гүлнәр Мұхаметова.
inform.kz
01 қараша 2018 ж. 970 0