№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зейнетке шығуды рәсімдеу тәртібі жеңілдеді

Зейнетке шығуды рәсімдеу тәртібі жеңілдеді

Бұдан былай зейнетке шығу үшін бір ғана өтініш жазу жеткілікті.

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнет жасына жеткендер үшін зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдеді.
“Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызмет “бір өтініш” принципі бойынша“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.
Бұған дейін зейнет жасына жеткен азамат ХҚО-ға келіп, зейнеткерлік жасқа жеткені және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтініш беретін, сосын бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазатын. Содан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынатөлемдерді төлеу жайлы тағы бір өтініш береді. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет келіп, бір ғана өтініш тастаса жеткілікті.
Композиттік қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтері кіріп отыр. Бұдан басқа, мемлекеттік кепілді төлемдерді төлеу проактив түрде – адамның міндетті қатысуынсыз жүзеге асырылады. Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттік корпорация мамандары зейнет жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сонымен қатар 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571  мемлекеттік кепілдік төлемдерін рәсімдеді.



baribar.kz
12 қазан 2018 ж. 1 510 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 06:05
Cialis Generico A Basso Costo Kamagra Espana Esta cheap cialis online Propecia Paginas Amarillas

Гость Jeahulalf от 7 наурыз 2019 13:15
Viagra Generika Ohne Rezept viagra Amoxicillin Diareea