ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТЫЯЛАР ЕМЕС
2018 жылдың 8 айында аудан көлемінде 26 өрт оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 19 өрт оқиғасы тұрғын үй секторында, 4 өрт нысандарда және 3 өрт басқа да жерлерде орын алған. Өрттің негізгі шығу себептері: ашық отты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамау, балдардың отпен ойнауы, темекі тұқылын өшірмей тастап кету және электр сымдарыныңқысқаша тұйықталу салдарынан өрт оқиғалары жиі орын алып отыр.
Сондықтан тұрғын үй ауласында, нысандарда өрт қауіпсіздігі ереже талаптарының сақталуына тұрғындардың басты назар аударуын сұраймыз.
ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА-тез арада «101» немесе «112» телефон номеріне хабарласыңыз.
Жаңақорған ауданының ТЖБ қызметкерлері.
Пікір 2