КОМПЬЮТЕРДІ МЕҢГЕРГЕН ҰТАДЫ
Бүгінде ақпараттық технология жедел дамып, кез-келген тұрғынның оны жетік меңгеруі маңызды рөлге ие. Әсіресе, жасы егде тартқан кісілердің компьютерді үйреніп, оны игілігіне икемдегені абзал. Мәселен, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пахмадин Айнақожаұлы компьютерді жоғарғы деңгейде меңгерген зейнеткер. Ол бізбен ақпараттық технологиянының тілін білудің артықшылығымен бөлісті.
– Аға, сіз 40 жылға жуық түрлі салада қызмет атқардыңыз. Компьютерді меңгеру қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?
– Аты айтып тұрғандай бұл заман ақпараттық технологиялар уақыты болды. Түрлі заманауи құрылғылардың арқасында тұрғындардың жұмысы біршама жеңілдеді. Ал, компьютерге келер болсақ, оны меңгеру күнделікті өмір сүру салтына енуі керек. Яғни, ол біздің тіршілігіміздің ажырамас бір бөлшегіне айналды. Өйткені, әр салада кез-келген жұмысты уақытылы әрі сапалы орындау үшін міндетті түрде көк жәшіктің көмегіне жүгінеміз. Бұл – ауырды жеңілдетіп, алысты жақындатуда таптырмас құрал.
– Компьтерді қай деңгейде меңгергенсіз және көбіне қандай жүйелермен жұмыс жасайсыз?
– Өзімнің нақты қай деңгейде қолданатынымды білмеймін. Өйткені, технология кеңістігінде күнде бір өзгерістер мен жаңа жүйелер пайда болып жатады. Көбіне өзіме қажеттінің барлығын Word программасымен жазып, ғаламтордан керегімді тауып, электронды поштадан ақпараттар алып отырамын.
– Өзіңіз айтқандай, күнде жаңа жүйе пайда болатын ақпараттық технологияларды меңгеруден қалыс қалмай, компьютерді өз пайдасына жаратқан замандастарыңыздан кімді айтар едіңіз?
– Негізі, зейнетке шыққан кісілердің көбісі қарап отырғанша бір істі үйренгенді жөн санайды. Мәселен, өзіммен әріптес болған Мейрамкүл Сүгірбаеваны, сонымен қатар, Ақылбек Жәнібеков пен Сүйіндік Әбутәліповты көк жәшіктің көмегімен көп шаруа бітіретін кісілер дер едім.
Иә, «ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер», демекші қай жаста болмасын жаңа дүниені үйреніп, оның жақсы тұсын пайдалана білудің ерте кеші жоқ. Оған Пахмадин Айнақожаевпен әңгімелесу барысында көз жеткіздік.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.