№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕДИЦИНА САЛАСЫ:БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МЕ?

МЕДИЦИНА САЛАСЫ:БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МЕ?

Медицина саласы – елдің экономикалық даму көрсеткішін көрсететін негізгі индикатордың бірі. Бүгінде Швеция, Италия, Израил, Жапония, Сингапур сынды озық мемлекеттерде медициналық орталықтардың халыққа қызмет көрсетуі өте жоғары деңгейде. Үкімет дамыған елдердің тәжірибесін саралап, денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мән беріп, реформалауда. Мәселен, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Саланың серпінді дамуы үшін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Осындай игіліктерді біздің дәрігерлер қаншалықты жүзеге асырып отыр. Олар бәсекеге қабілетті ме? Осыған жауап іздеп көрдік.
Міндетті сақтандыру – денсаулық сақтау жүйесін дамытуға серпін беретін тамаша мүмкіндік. Жасыратыны жоқ, біздің ауданның тұрғындары медициналық қызметтің кейбір түрін жақын аудандардағы ауруханалардан алушы еді. Ультра дыбыстық зерттеулері мен жүрек-қан тамырларының сараптамаларын Шиелі, Түркістан және Қызылордаға барып, уақыт шығындап, қомақты қаржы жұмсайтын. Енді мұндай ыңғайсыз жағдайлар азая бастады. Себебі, аудандық аурухана мен емхана қажетті құрылғылармен қамтамасыз етіліп, оған кадрларды даярлап, сапалы қызмет көрсете бастады.
Ауданда ең күрделі мәселе – жүрек және қан тамырлары ауруының артуы еді. Оған төтеп берердей аурухананың аппараттары жоқтың қасы-тұғын. Енді осы түйіткіл өз шешімін тауып, соңғы үлгідегі заманауи құрылғылар келіп, емделушілерге сапалы ем алуға жағдай жасалуда. Аурухананың кардиология бөлімінде өте қымбат әрі көп ауруханада кездесе бермейтін аппараттар орналасқан. Жүрек соғысын, дыбысын, қан айналуы жиілігін дәлме-дәл анықтайтын аппарат шетелдікі. Емдеу ісінде бәсекелестік қалыптастыруды мақсат етіп, сапалы қызмет көрсетуді арттырған аудандық аурухананың бас дәрігері Сәулебек Ысқақов аурухананың заманауи құрылғыларын таныстыра келе,  инновациялық технологиямен жұмыс жасайтын мамандардың жеткілікті екенін айтты.
Қысқасы, жүрек қан-тамырлар жүйесінің бұзылысын зерттеуге аудандық ауруханада жағдай жасалған. Қарапайым электрокардиография (ЭКГ) әдісінен бастап, дәрілік сынама әдісі, сынамаларды жабдыққа физикалық жүктеме, тәуліктік холтерлік ЭКГ (ХМЭКГ), артериялық қысымды тәуліктік мониторлау (СМАД), эхокардиография (Эхо-КГ), қанды оттегімен қанықтыру (неинвазивный әдісі) радионуклидное сканерлеу, тест мвАЗТ (микровольтная альтернация) және т. б. медициналық зерттеулер жасай алады. Міне, осыдан-ақ, аудандағы күрделі кеселге тосқауыл қоюға мүмкіндік артқанын түсінесіз.
Ең маңыздысы, емханада республикалық трансферттің арқасында дәстүрлі электрокардиограммамен салыстырғанда, жүрек-қан тамырлары сырқаттарын анағұрлым терең диагностикадан өткізуге мүмкіндік беретін жаңа жабдық пайда болды.
– Жаңа жабдықтардың бірі – «Холтер ЭКГ» аппараты. Бұл ұзақ электрокардиограмма жүргізуге мүмкіндік беретін портативті аспап. «Холтердің» көмегімен жүрек жұмысын бақылауға болады. (ЭКГ) секілді, бірақ нақты патологияны анықтайды. Бұлар жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы, ишемиялық сырқат және т.б. Холтер диагностикасының ерекше құндылығы сонда, ол «өткінші», яғни, кейде әдеттегі кардиограмма анықтай алмайтын тұрақсыз бұзылыстарды анықтайды, – дейді кардиолог дәрігер Ришат Жүнісов.
 «Холтер» аппаратының көмегімен диагностикадан өту үшін емханаға бару керек. Дәрігер кеуде қуысына электродтарды жапсырып, диагностикалық аспапты пациенттің иығынан асып іледі. Сонымен қатар, пациентке холтерлік бақылау күнделігі беріледі. Онда ол дәрігерді қызықтыратын жағдайды: ұйқы, денеге түсетін ауырлық, күйзеліс, дәрі қабылдау, тамақ қабылдау, сырқат белгілері (егер бар болса) – ауыру, бас айналуы және т.б. тіркеп отырады. Әдетте, «Холтер» аппаратының көмегімен бақылау жасау бір тәулік бойына жүргізіледі. Осы уақыт бойына аппарат жүрек жұмысына бақылау жасап, жүз шақты электрокардиограмма түсіреді. Бір тәулік өткен соң аппарат пациенттен алынады да, дәрігер ЭКГ көрсеткіштеріне талдау жасап, жалпы көріністі тұжырымдайды.
«Холтер ЭКГ» аппараты 100 мыңға дейін адамға қызмет етуге есептелген. Емхананың жуырда алған тағы бір жаңа аспабы – артериялық қан қысымын тәуліктік бақылау аппараты (АҚТБ). Сырт қарағанда АҚТБ жазбаға арналған шағын қорапша, тек оған түтікпен тонометрдегідей манжета жалғанған. Бір тәулік ішінде аппарат автоматты түрде пациенттің артериалдық қан қысымын өлшейді.
– Бұдан басқа, біздің емханада пациенттер тредмил тестіден өте алады. Бұл арнайы жүгіріс жолы – тредмилмен денеге ауыртпалық түсірген кезде электрокардиографиялық тексеру жүргізу, – дейді кордиолог.
Осы тестінің арқасында пациенттің денеге түсетін ауыртпалыққа реакциясы, олардың жүрек пен қан-тамырлары үшін төзу қабілеттігі бағаланады. Аталмыш аппараттарға науқастар да, өз денсаулықтарын тексергісі келетіндер де диагностикадан өте алады. Өйткені, көбінесе сырқат білдірмей соғады, оны дер кезінде анықтаған маңызды.
ТҮЙІН. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында дамудың алғышарты бәсекеге қабілеттілікте екеніне мензеді. Медицина саласындағы бәсекеге қабілеттілік адамның өмір сүру жасын ұлғайтып, түрлі аурулардың алдын алуға мүмкіндік жасайды. Әрине, бұған жағдайлар жасалып жатыр. Тек дәрігерлер білімін арттырып, емделушілерге жылы қабақ танытып, мейірімін төге білсе болғаны. Өйткені, дәрігерлер емделушімен өктем сөйлесетіні жайлы қоғамда әңгіме көп...
Мақпал МАРҚАБАЙ.
01 тамыз 2018 ж. 1 151 0